«Асты биік көлік сұраған еді»: Бағлан Әбдірайымов марқұм әкесінің өтінішін орындамағанына өкінді

Аиса Махамбет Редактор
06.08.2024, 19:52
1547
«Асты биік көлік сұраған еді»: Бағлан Әбдірайымов марқұм әкесінің өтінішін орындамағанына өкінді жеке парақшасынан

“Жігіттер” тобының әншісі, актер, кинопродюсер Бағлан Әбдірайымов өмірдегі өкінішін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі Podcast Urpaq youtube-арнасына берген сұхбатында әкесіне берген уәдені орындай алмағанын айтып, көз жасына ерік берді. 

“Өмірімдегі өкінішімнің үлкені – әкемнің өтінішін орындай алмадым. Пендешілікке салынып, жүріп алыппын. Әкем өмірінен өтер бұрын "асты биік көлік әперші, мініп жүрейін" деп өтініш айтқан еді. Оның көзі нашар көретін. "Көлік әперсем, бірдеңе болып қала ма" деген уайым-қорқыныш болатын. Бірақ кейін ойланып, "туған күні келе жатыр ғой" деп қарындастарымызбен ақылдасып, әперейін деп жүрген едім. Бірақ әкем о дүниелік болып кетті.  Адамның емес, Құдайдың дегені болады екен. Туған күніне жетпей, таңертең шай ішіп отырып, анама "қан қысымымды өлшеші" деп кереуетте отырған күйі күліп, жүріп кете салған. Сонда бір "әттеген-айым" қалып кетті”, . Пенде болғаннан кейін сол "әттеген-айды" қалай басамын деген іштей бір тырнайтын өкініштер болды. Өкінішімді басу үшін денсаулығы мүлдем жоқ азаматқа Алланың разылығы үшін көлік сыйладым", – деді әнші. 

Өнер иесінің айтуынша, жақында мүгедектігі бар азаматқа көлік сыйлағаны әкесінің алдындағы өтінішін орындағаны екен. 

“Пенде болғаннан кейін сол "әттеген-айды" қалай басамын деген іштей бір тырнайтын өкініштер болды. Өкінішімді басу үшін денсаулығы мүлдем жоқ азаматқа Алланың разылығы үшін көлік сыйладым. Берген себебім, біріншіден, ішімдегі "әттеген-айды" басу болды. Екіншіден, әкемнің атынан садақа болсын деп ойладым. Төрт баланың, отбасының асыраушысы сол азамат болғандықтан қажетіне жаратсын деген мақсатта сыйладым. Ішіміздегі мұңды осылай жақсылыққа айырбастамасақ, басқаша жолын білмеймін", – деді ол.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды