Ақтаулық оқушы халықаралық робот техникасы жарысында бас жүлде алды

06.08.2024, 20:30
1025
Ақтаулық оқушы халықаралық робот техникасы жарысында бас жүлде алды gov.kz

10 сынып оқушысы Нұркен көпті таңғалдырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтаудағы «ІТ мектеп-лицейдің» 10-сынып оқушысы Нұркен Ізбасарұлы Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласында өткен «11th IYRC-International youth robotic competition» білім беру робототехникасы бойынша халықаралық жарыста «Гран При» жеңіп алды. Бұл туралы Kazinform жазды.

Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласында өткен “11th IYRC-International youth robotic competition” сайысына әлемнің 20 елінен 1 мыңнан астам оқушы қатысқан. Нұркен Ізбасарұлы сол мың оқушының ішінен үздік шықты.

Нұркен Ізбасарұлы жарыста «Орманды құтқару» бағыты бойынша 13 пен 18 жас аралығындағы қатысушылар арасында бағдарламаны жылдам әрі, сапалы жасап шыққан.

- Мен робототехникамен 5 жылдан бері айналысамын. Бұл — халықаралық жарыс, әлбетте, қатты уайымдадым. Бірақ бәрі жақсы өтті. Маған Корея ұнады. Болашақ мамандығым робототехника және IT-технологиямен байланысты болғандықтан, Корея мемлекетінің жоғары оқу орнына түскім келеді. Зор қолдауын білдірген жаттықтырушым мен ата-анама өз алғысымды айтамын, - дейді Нұркен Ізбасарұлы.

Осы орайда бас бапкер Дмитрий Куричев шәкіртінің сын сағатта қандай қиындықты бастан кешкені туралы айтып берді. 

- Бағдарламаны бірге әзірледік. Нұркен де аздап қобалжыды. Оның үстіне қарсыластары мықты болды. Корея, Қытай, Малайзия, Таиланд, Лаос, Ресей, Қазақстан, Бразилия, Үндістан, Алжир, Израиль, Ирак, Индонезиядан мыңнан астам бала қатысты. Бірақ Нұркен тапсырманы жақсы орындап, жеңіске жетті. Біз оны жеңісімен құттықтаймыз, - деді Дмитрий Куричев.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді