«Ауылына асфальт төселсе болды»: Айнұр Тұрсынбаева Демеу Жадыраевтың үйін көрсетті

Аиса Махамбет Редактор
08.08.2024, 11:33
1255
«Ауылына асфальт төселсе болды»: Айнұр Тұрсынбаева Демеу Жадыраевтың үйін көрсетті ашық дереккөзден

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевтың туған ауылын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, айтыскер ақын чемпионға жанкүйер болған жерлестерін көпшілікке үлгі етті.  

“Демеудің туған жері Үшарал халқының махаббатын қараңыздаршы?! "Баласы атқа шапса анасы тақымын қысады" деген осы... Бүкіл әлем көз тігіп отырған жарыста екінші болу үлкен мәртебе! Күміс құтты болсын!” – деп жазды айтыскер ақын. 

Өнер иесі чемпионның туған жері мен үйін көрсетіп, үндеу жасады. 

“Демеу бауырымыздың жарысын бәріміз күттік қой. Олимпиаданың күмісі бұйырған екен, құтты болсын! Үшарал халқы алаңға шығып осы жарысты тамашалаған екен... Чемпион ұлдардың ауылына жасалған жағдай бізге де жасала ма деген үміт те бар еді ғой... Осындай батыр ұлдың ауылына да асфальт төсеп, Жетісу жұрты тік тұрып қарсы алғалы жатқан шығар... Медаль құтты болсын қазақ елі”, – деді суырыпсалма ақын қыз. 

Еске салайық, Демеу Жадыраев Париждегі олимпиада ойындарының финалында есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. 77 келі салмақта сынға түскен балуанымыз финалда жапондық балуан Нао Кусакамен белдесіп, 5:2 есебімен ұтылып қалған еді. 

Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады