«Біздің спортта әділдік жоқ»: іріктеуде ұтылған велоспортшыны Парижге алып кеткен

08.08.2024, 13:05
3166
«Біздің спортта әділдік жоқ»: іріктеуде ұтылған велоспортшыны Парижге алып кеткен жеке парақшасынан

Бапкерлер шын мықтыны тастап, жарыста жеңілген велоспортшыны Олимпиадаға алып кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық велосипедші Андрей Чугай Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында спринтерлік сайыста соңғы орын алды. 

Осыдан соң белгілі болғаны, ол Олимпиадаға әділетсіз жолмен аттанған көрінеді. Мұны осыдан тура бір ай бұрын отандық велоспорт бапкерлерінің бірі мәлімдеген болатын.

Қазақстандық велоспортшы Сергей Пономаревтің бапкері Жанұя Сейітова 5 шілдеде төртжылдықтың басты аламанына іріктеу өте әділетсіз өткенін жазған еді. 

Сейітованың шәкірті Олимпиада алдында қазақстандықтар арасында «спринт» және «кейрин» бағдарламалары бойынша үздік көрсеткішке ие болған, алайда Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Парижге Пономаревтен төмен нәтиже көрсеткен Андрей Чугайды алып кеткен.

Ал Чугай жазғы Олимпиада ойындарында спринт бағдарламасы бойынша ең төменгі нәтижеге ие болды.

«Іріктеу әділетсіз болды. Велотректен Қазақстан құрамасының бас бапкері И.В.Сиваштың айтуынша, іріктеу ҚР ұлттық чемпионатының қорытындысы бойынша өтуі керек еді. Сергей Пономарёв екі бағдарлама бойынша да жеңіске жетті.

Алайда, бәрі өзгеріп шыға келді. Бас бапкер өзі айтқан талапты ұмытып, Андрей Чугайды алып кетті. Әйтпесе Андрей екеуінде де жеңіліп қалған.

Пономаревтің құраманың лицензия иеленуіне қосқан үлесі орасан екенін айтқым келеді. Өкінішке қарай, жолдама адамның өзіне берілмейді. Осындайда қолыңды бір сілтеп, келесі жолы сәті түсер дегің келеді. Бірақ, келесі жолы осы жағдай қайталанбасына кім кепіл?! Тер төгіп, барын салып еңбектенген спортшының орнына тағы басқа біреуді алып кетсе ше? Ал біз күшіміз, уақытымыз, еңбегіміз тағы далаға кеткендей болып қаламыз. Қаншама күш жұмсағанымызды көпшілік біле бермейді.

Бала секілді іштей бәрі өзгеретін шығар деп үміттенетінім рас, бірақ біздің спортта әділдік жоқ екенін білсем де, мұндай парадокс нәтижеге көндігу қиын болып тұр», - деді бапкер.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды