Еркін күрестен Азамат Дәулетбеков пен Мейрамбек Қартбай ә дегеннен-ақ жеңіліп қалды
Олар алғашқы белдесуінде жарыстан шықты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін Париж Олимпиадасында жарыс алаңына шыққан еркін күрес шеберлері алғашқы айналымда қарсыластарына есе жіберді.
Бүгін Париж бозкілемінде бақ сынаған еркін күрес шеберлері алғашқы кездесулерінде жеңіліп қалды. Жарыстың алғашқы күнінде 57 мен 86 келі салмақтағы спортшылар қарсыластарына есе жіберіп, ширек финалға шыға алмады.
86 келіде ел намысын қорғайтын Азамат Дәулетбеков алғашқы белдесуінде-ақ Токиодағы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Давид Тэйлорды ұтқан Арон Брукспен кездесіп, 1:4 есебімен жеңілсе, 57 келідегі Мейрамбек Қартбай алғашқы айналымда қырғызстандық Бекзат Алмазулуға есе жіберді.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші