Қырғыз спортшылары Париж Олимпиадасында ел тарихындағы ең көп жүлдені иеленді

08.08.2024, 19:19
1277
Қырғыз спортшылары Париж Олимпиадасында ел тарихындағы ең көп жүлдені иеленді Global Look Press

Құрама балуандары 1 күміс, 3 қола медаль иеленіп үлгерді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қырғыз спортшылары Париж Олимпиадасы басталғалы бері медаль саны бойынша ел тарихындағы рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Бұл туралы 1Bol.kz жазды.

Қазіргі уақытта Қырғызстанның күрес түрлерінен ұлттық құрама балуандары 1 күміс, 3 қола медаль иеленіп үлгерді. Оның ішінде әйелдер күресінен Мейірім Жұманазарова 68 келіде финалға шығып, күміс жүлдеге ие болды. Ал грек-рим күресінен Жоламан Шәршенбеков (60 кг), Ақжол Махмұдов (77 кг), Үзір Жүсіпбекова (97 кг) үздік үштікті түйіндеді. Сондай-ақ, бүгін грек-рим күресінен 67 келіде Амантұр Исмаилов қола жүлде үшін белдесуге шығады.

Бұдан бөлек, Қырғызстан құрамасы сапында боксшы Мұнарбек Сейітбекұлы бокстан жартылай финалға өтіп отыр. Ол бүгін финал жолдамасын 57 келіде болгар боксшысымен сарапқа салады.

Ал әйелдер күресінен 62 келіде Айсұлу Тыныбекова мен Айпері Медетқызы жүлде алуы мүмкін спортшылар қатарына енген.

Тәуелсіз Қырғызстан спорт тарихында алғашқы Олимпиада жүлдесін 2000 жылы Сиднейде дзюдодан иеленген. Сол жолы қазақстандық легионер балуан Айдын Смағұлов 60 келіде қола жүлдеге қол жеткізді. Ал 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында грек-рим күресінен Қанатбек Бегалиев (66 кг) күміс жүлдегер атанса, Руслан Түйменбаев (60 кг) қола медальға ие болды. Ал Токио Олимпиадасында Айсұлу Тыныбекова мен Ақжол Махмұлов күміс жүлдеге ие болса, Мейірім Жұманазарова қола жүлдені еншіледі.

Әзірге Қырғызстан тарихында жалғыз ғана Олимпиада чемпионы бар. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында ауыр атлетикадан қырғыз спортшысы Қаныбек Осмоналиев жеңімпаз атанған. Содан бері бауырлас елдің спортшылары Олимпиада алтынына қол жеткізе алмай келеді.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды