1295

«36 жасқа дейін мүмкіндік бар»: Елдос келесі олимпиадаға да қатысатынын айтты

Елдос Сметов 2028 жылғы Олимпиадаға қатысуға ниет білдірді.

«36 жасқа дейін мүмкіндік бар»: Елдос келесі олимпиадаға да қатысатынын айтты
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, дзюдошы Елдос Сметов 2028 жылғы Олимпиадаға дейін карьерасын жалғастырады.

Олимпиада чемпионын грек-рим күресінен финалға дейін жеткен 34 жастағы Демеу Жадыраев шабыттандырған. Бұл туралы ол тілшілермен өткен брифинг барысында айтты.

Келесі Олимпиадаға қарай Сметовтің жасы 35-ке толады. 

Енді Елдос Халықаралық дзюдо федерациясы берген алтын жапсырмамен күреседі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Елдостың сақалын алып, брифиңге келгенін жазған едік. Онда ол журналистердің сұрақтарына жауап беріп, өзін "әсіредіншіл" деп айыптағандарға "Уағыз айтпадым" жауап қайтарған еді.

Материал авторы