«Бір алтын әкелсең, тыныш жүр уағызыңды айтпай, спортшысың ба, жаттықтыр!» – Бибігүл Дәулетбекқызы

09.08.2024, 12:30
3922
«Бір алтын әкелсең, тыныш жүр уағызыңды айтпай, спортшысың ба, жаттықтыр!» – Бибігүл Дәулетбекқызы collage smartnews.kz

Бір алтын әкелді екен деп, мыңдаған баланың балағын қысқартуға жол бермейтінін айтты журналист.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің әсіредіни әңгімелеріне қарсы шықты. Журналистің қатаң сынына Елдостың соңғы кездегі айтып жүрген сөздері себеп болған.

Бибігүл Дәулетбекқызы жеке парақшасында чемпионға еліктеуші жастарға алаңдаушылығын білдірді.

«Қараңғы пенделерді жек көрем! Қазақ болыңдар! Өзіміз тарыдай шашылған аз қазақпыз!

Рухымыз онсызда әлсіреп барады. Әсіредіншілдерді саңырауқұлақша қаптатқандардың мұрты да қисайған жоқ. Олар жастардың саналарын улап шетел қашты. Мына қарапайым сендердің балаларың зардап шекпесін деп шырылдап жүрмін.

Енді қалмағаны жас балалардың санасын улап, ұлтымызды тұздай құрту еді... Оған жол бере алмайды екенмін!», - деп жазды ол.

Сондай-ақ журналист спортшыға уағыз айтпай тыныш жүруін айтты.

«Журналист мамандығын алғанымда ұстазым Камал Смайловқа: «Ақиқатты ғана жазамын. Қарапайым халықтың сөзін сөйлеймін» деп серт бергенмін. Осы уәдемде тұру парызым! Менің міндетім — Қазақ деген ұлтымды сақтап қалу!

Бір алтын әкелді екен деп, мыңдаған баланың балағын қысқартып, сақалын ұзартып, ертеңгі күні өз халқыма қарсы шығартып ала алмайды екенмін!

Қай-қайсыңа да айтарым осы: Елдің алдында жүрсің бе? Тыныш жүр уағызыңды айтпай, жастардың санасын әсіредінмен уламай! Әншісің бе? Әніңді айт! Спортшысың ба? Жаттықтыр!», — деп жазды журналист.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады