Сүйінші! Бибісара Асаубаева шахматтан қазіргі әлем чемпионын жеңіп шықты

09.08.2024, 14:32
783
Сүйінші! Бибісара Асаубаева шахматтан қазіргі әлем чемпионын жеңіп шықты kazchess.kz

Қазақстан құрамасы Будапештте (Венгрия) өтетін Шахмат олимпиадасына дайындалып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 5 тамызда Астанада Рапид және блиц бойынша командалық әлем чемпионаты аяқталды. Турнирде KazChess командасының намысын қорғаған біздің әйелдер құрамамыздың көшбасшысы Бибісара Асаубаева турлар барысында тамаша нәтиже көрсетті.

20 жастағы спортшы рапидтің 9-шы раундында Қытайдың Decade China Team командасының мүшесі, қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньді жеңді. Бұл матч белгілі бір дәрежеде Қытай құрамасы үшін тағдыршешті болды, өйткені Цзюйдің жеңіліс табуы оның командасына арабтың Al-Ain ACMG UAE командасын жеңуге мүмкіндік бермеді, сөйтіп ол 12 турдан кейін рапид бойынша чемпион атанды.

Мен қара фигуралармен ойнадым. Қытайдың командасы өте күшті, сондықтан жақсы ойын көрсеткім келді. Бұл алғаш рет тікелей ойнаған партиямыз болды, оған дейін біз тек онлайн кездестік. Мен жақсы партия ойнай алдым деп ойлаймын, бір кезде сапаны құрбан етіп бастама үшін ойнадым, бірақ ақырында айламды асырып, оны жеңе алдым, - деп Асаубаева матчтан кейін эмоциясын бөлісті.

Сонымен қатар турнир барысында блицтен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Украинадан келген гроссмейстер, рапидтен 2014 жылғы әлем чемпионы және блицтен екі дүркін әлем чемпионы (2014, 2016 жыл) Анна Музычукты екі рет (рапид және блицте) жеңді. Бірақ олардың блицтегі үшінші кездесуінде жеңіс украиналық қызға бұйырды.

Жалпы алғанда, командалық әлем чемпионатында қазақстандық шахматшылар жауынгерлік рух танытып, жеке есепте 13 медальге ие болды. Астанада өткен сайыста бәсекелестіктің аса жоғары деңгейі ойыншылар арасында 81 гроссмейстер және 3 әйел гроссмейстердің, сондай-ақ 30 халықаралық шебердің болуымен анықталды. Сонымен, Асаубаева рапидте күміс медаль және блицте қола медаль жеңіп алды (7-ші тақта). ФИДЕ әлемнің үздік шахматшыларының жаңартылған рейтингін шығарды (классика, рапид и блиц). Қыздар арасындағы «блиц» саласында қазақстандық 4 шахматшы қыз: Асаубаева Бибісара (№1), Қамалиденова Меруерт (№3), Нұрман Алуа (№5) және Балабаева Ксения (№6) топ-10 қатарына енді. Блицте де, рапидте де Бибісара 20 жасқа дейінгі қыздар арасында топ жарып отыр, классикада 2ші орында:

Қазір Қазақстан құрамасы 10-23 қыркүйек аралығында Будапештте (Венгрия) өтетін Шахмат олимпиадасына мықтап дайындалып жатыр.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген