«Бәрі бір-екі жеңістен соң шенеунік болып кетеді»: танымал продюсер спорттағы жемқорлық туралы

Аиса Махамбет Редактор
10.08.2024, 17:21
1977
«Бәрі бір-екі жеңістен соң шенеунік болып кетеді»: танымал продюсер спорттағы жемқорлық туралы жеке мұрағатынан

Лауазымға асықпай, шәкірт тәрбиелеу керегін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал продюсер, сценарист Перизат Мырзахмет спорттағы жемқорлық пен шенеулік атанған спортшылар жайында сөз қозғады.

Оның айтуынша, елімізде спортшылар бір-екі рет жеңген соң бірден спортты тастап шенеулікке айналып кетеді. Ол білікті спортшылардың бәрі мықты шенеулік емесін айтты.

«Ішіме сыймай жатқан бір ойды осындай жазып кетейінші.
Біздің елде спорттың ақсауына қаншама себеп айтылды. Бірінші кезекте әрине жол бермейтін - жемқорлық. Нағыз жалмауыз аждаһа. Не тоймайды, не қоймайды. Басқа тоқсан тоғыз себеп сол жемқорлықтың балапандары.

Менің ішкі түйсігім бір себепті байқайды. Оны баяғыда Уәлибек Әбдірайымов бір әзілінде «бірінші таймда гол соққан жігіт екінші таймда депутаттыққа сайланып жатыр» деп айтқан. Нағыз өміршең әзіл екен. Бізде шынымен спортқа ғұмырын арнаған рөлдік модель жоқ. Бәрі бір-екі жеңістен соң шенеунік болып кетеді.

Әрине, егер ол өзінің бар білімі мен тәжірибесін сол саланы жақсартуға арнаса талас бар ма. Әттең, мықты спортшы мықты менеджер деген сөз емес екен. Баяғыда жеңіп алған медалі мен қарны салбырап, жоғары жақтың айт дегенін айтып, істе дегенін істеп, қуыршаққа айналады. Аты былғанады. Жеңген сәтінде қаншама рух сыйлаған, үміт сыйлаған алып тұлға көз алдыңда кішірейіп бара жатады. Енді оның не сөзіне, не ісіне сенбейсің», - деп жазды ол.

Ол Олимпиаданың бес дүркін чемпионы кубалық Михаин Лопестің табандылығын мысалға келтірді.

«Грек-рим күресінің шебері Лопес бес дүркін олимпиада алтынын алып, аяқ киімін шешіп, татамимен қоштасқанда стадион орнынан тұрып, қошеметпен шығарып салды. Бес дүркін. Ойлаңызшы! Жиырма жыл ғұмырын бір салаға арнап, тұрақты түрде жеңіске жету. Алдыңа жан салмау деген осы ғой. Мұндай табандылық тек қанат бітіреді. Мұндай адалдық тек бас игізеді», - деп жазды ол.

Сондай-ақ ауыр атлет Алмас Өтешовтің журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатын да тілге тиек етті.

«Жақында үзіндісін көрдім. Бір чемпион жігіт жылап отыр: «чемпион болғанда бәріне керек едім, енді қазір ешкімге керек емеспін». Бір жеңіс - жетістік емес. Өмір бір жеңістен тұрмайды, өкінішке қарай. «Жеңіске жеткен күні келесі жеңіске дайындықты бастау керек» дейді әлемге танымал жаттықтырушы Этери Тутберидзе. Бұл ақиқат. Бір жеңіске семірсең, артыңда өсіп келе жатқан буын басыңнан асыра секіреді. Қай салада да сол. Өнер ме, спорт па, саясат па… Бәрібір. Жеттім деген күні жеңілесің, болдым деген күні болдырасың. Құр қанағат қарын ғана шығарады.

Спортшыға кенде емеспіз. Тек өз саласын өрге тартқан тұлғалардан орта жолда айрылып қаламыз. Сол қиын», - деп жазды ол.

Оның бұл пікірін желі қолданушылары бірауыздан қолдай кетті.

mizamkokk атты қолданушы: «Соларға қарап, Алия Юсупова риза болам. Биыл шәкірті алғашқы ондықта»;
kussaiynkyzy атты қолданушы: «GGG да қазіргі қызметке келгенде қуанбадым. Шәкірт тәрбиелесе пайдасы көбірек болар ма еді? Серіктің де, Бақтиярдың да көрген күні сол еді ғой»;
aikerim.ibrayeva атты қолданушы: «Сол үшін өз ұрпағымызды бастық бол деп емес , өз ісіңнің шебері бол деп тәрбиелейік»;
aksaule_serikkyzy атты қолданушы: «Қазақ әбден өзгенің басқарғанынан күйген,баласына бастық бол деп өсірген ғой.Шамасы жеткені де,жетпегені де билікке ұмтылады да тұрады.Әр кім өз орнында тұрса ғой»;
aigul1607 атты қолданушы: «Дөп! Әрине спортшыдан жақсы менеджер шықпайды. Әу баста спортты таңдады ма, сол жолмен жүру керек. Спортты таңдағандар мектеп кезінен дым оқымай, спорттың соңында жүреді ғой, содан көбі сауатсыз.»;
kussaiynkyzy атты қолданушы: «Мемлекеттің саяси менеджментінің құлдырағанын билікке келген саудагерлер мен спортшыларымен өлшеуге болады», – деп пікір қалдырды.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты