Мәжіліс депутаты Әбиба Әбужақыноваға Kia Ceed көлігін мінгізді

10.08.2024, 19:50
1178
Мәжіліс депутаты Әбиба Әбужақыноваға Kia Ceed көлігін мінгізді әлеуметтік желі

Әбиба Әбужақынова Астанаға ұшып келді

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін Париж Олимпиадасының қатысушысы, дзюдо балуаны Әбиба Әбужақынова Астанаға ұшып келді.

Спортшыны Мәжіліс депутаты, кәсіпкер Айдарбек Қожаназаров күтіп алып, астына су жаңа көлік мінгізді.

Әбибаға депутат Kia Ceed маркалы көлігін берді.

Айта кетейік, бұған дейін Айдарбек Қожаназаров Әбибаға жазба арнап, өз атынан сыйақы беретінін айтқан еді.

«Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп - Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл тектіліктің белгісі. Бұл үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек! Жалғастырайық, қазақтың жігіттері!» - деген болатын депутат.

Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады