«Жағаласып, ұлының артынан қалмайды»: Елдос Сметов анасын сынағандарға жауап берді

Аиса Махамбет Редактор
11.08.2024, 12:50
18846
«Жағаласып, ұлының артынан қалмайды»: Елдос Сметов анасын сынағандарға жауап берді жеке мұрағатынан

Елдос Сметов анасына тіл тигізгендерге жауап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандықтар Елдос Сметов елге келгеннен бері оның жанынан әйелі емес, анасының қолтықтап жүргенін сынға алған.

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов анасына байланысты өзін сынағандарға жауап берді, деп Azattyq Rýhy жазды.

Дзюдошы бұл жөнінде Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметіне берген сұхбатында айтты.

«Әлеуметтік желіні қарамайын десем де, қарап қоямын. Қазір Олимпиада чемпионы болдым, енді осыдан кейін ешнәрсе жазбайтын шығар деп ойлап едім. Бірақ тоқтайтын емес, әлі де жазып жатыр. Менің жүріс-тұрысым, келіншегім алда келе жатыр ма, артта келе жатыр ма, жанында анасы келе жатыр ма, әлде басқасы. Енді мен қалай шығайын, не қалай шықпайын, ол менің қуанышым!» – дейді ол.

Айта кетейік, қазақстандықтар Елдос Сметов елге келгеннен бері оның жанынан әйелі емес, анасының қолтықтап жүргенін сынға алған.

«Келініне орын бермей ме, өзі қолтықтап жүр баласын». «Анасы әкесімен артта тұрып, ұлының қасына әйелін жіберуі керек еді». «Жағаласып, ұлының артынан қалмайды екен». «Осы кісінің туғаны белгілі ғой, бірақ жұрттың алдында осылай жағаласып жүргені ұят». «Осындай енеге шыдап жүрген келінге халықтың атынан алтын медаль тағайық». «Тіпті, Димаштың анасы жанында жүрмейді», - деп желі қолданушылары сынға алды.

Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО) Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО) «Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО) Жетісу облысында 5 жасар қызды қағып өлтірген мас жүргізушіні сот босатып жіберген «Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады Өскеменде ер адамды өлтіріп, мәйітін аурухана маңына тастап кеткендер ұсталды Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша қолдан келгеннің бәрін жасадық – СІМ