1838

«5-6 рет шапалақпен ұрдым»: «Меломен» тобының әншісі әйеліне қол көтергенін мойындады

Ол әйелін «Ұятсыз әйелге» теңеді.

«5-6 рет шапалақпен ұрдым»: «Меломен» тобының әншісі әйеліне қол көтергенін мойындады
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрила Ақберген әлеуметтік желідегі парақшасында әншінің ұрғанын мойындаған аудиожазбасын жариялады.

Жазбада бұрынғы әйелін ұрғанын мойындаған әншінің аудиожазбасы анық көрсетілген.

"Иә, ұрғаным рас. Мен сені жұдырықпен ұрған жоқпын. Қолым ауыр, 5-6 рет шапалақпен ұрдым. Барлығы өзіңнің тілеп алған шапалағың. Мұрныңның сынғаны да бір-ақ соққы. Аузыңды тыймағандықтан болды", – деп жауап берген әнші. 

Еске салайық, өнер иесінің экс әйелі бұрынғы күйеуінің екі жылдың ішінде бірінші рет алимент төлегенін айтқан еді. Блогер келіншектің жазбасынан кейін, әнші жеке парақшасының сторис бөліміне ойландыратын жазба қалдырды. 

“Ұятсыз әйел – тұзсыз ас секілді”. Жақсы мақал екен”, – деп жазған еді Ғабит Бибасыұлы. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор