«Алалағандай болдық, ұят!»: күміс жүлдегер Нариман Құрбановтың елеусіз қалғаны талқыланып жатыр

12.08.2024, 17:17
1162
«Алалағандай болдық, ұят!»: күміс жүлдегер Нариман Құрбановтың елеусіз қалғаны талқыланып жатыр olympic.kz

Заңгер Ләззат Ахатова Құрбановқа неге сый-құрмет көрсетілмегеніне қапаланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, заңгер Ләззат Ахатова Олимпиададан күміспен оралған Нариман Құрбанов құрмет-қошемет пен сыйлықсыз қалғанына қынжылатынын жазды, деп Аzattyq Rýhy жазды.

«Медаль алмағандарға да көлік сыйлап жатқан жомарт қазақ, қоланы алтынға бергісіз етіп, қарсы алып жатқан қазақ, тіпті 9-орын алып келген спортшыға Астанадан пәтер беріп жатқан қазақ, бір Нариманға келгенде, тарылғандары қынжылтты. Күміс әкелді ғой елге. Гимнастикадан ешкім жетпеген жетістікке жетті. Сол жетістік тақиямызға тар келіп тұр ма? Айналдырған 7 медаль өзі. Ұлтына қарап, алалағандай болдық қой, ұят болды. Атымызға, елдігімізге сын болды. Қазаққа күйеу бала болады екен, легионер емес, өзіміздің бала ғой. Олимпиада төрінде туымызды арқасына жамылып, мәз боп жүрді, », - дейді Ләззат Ахатова.

Ол жомарт азаматтар әлі де оған сыйлық беретініне үміт артты.

«Біздің қазақта жомарт азаматтар аз емес, әлі де басқаларға көрсеткен сый-құрметті жасауға кеш емес. Ұят болмасын, ағайын», - деп жазды ол.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген