Олимпиадада 9-орын алған қазақстандық теннисшіге 2 бөлмелі пәтер сыйлады

12.08.2024, 17:40
886
Олимпиадада 9-орын алған қазақстандық теннисшіге 2 бөлмелі пәтер сыйлады ttfrk

Ол үстел теннисінен Олимпиадаға барған жалғыз қазақстандық.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның үстел теннисі федерациясы Кирилл Герасименкоға Астанада екі бөлмелі пәтер сыйлады. Осылайша, спортшы Париж-2024 Олимпиадасында жарқын және сәтті өнер көрсеткені үшін марапатталды.

Франция астанасында Қазақстан құрамасының көшбасшысы тарихи жетістікке қол жеткізді. Ерлер арасындағы жекелей сында Кирилл Герасименко тоғызыншы орын алды. Бұған дейін қазақстандықтардың ешқайсысы бұл жетістікке жете алмаған.

«Кирилл Герасименконы Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарындағы үлкен жетістігімен құттықтаймыз! Бұл біздің спорт үшін тарихи оқиға. Турнир бойы Кирилл ерік-жігерін, нағыз кәсіби шеберлігін көрсетті. Ол қазақстандық үстел теннисі шеберлерінің әлемнің ең мықты спортшыларымен лайықты бәсекеге түсе алатынын көрсетті.

Оның нәтижесі Қазақстан үстел теннисі тарихында жаңа тарауды ашады. Біз оның жетістіктерін мақтан тұтамыз және оның еңбегін бағалап, марапаттауды ұйғардық.

Жақында жаңа олимпиадалық цикл басталады. Ал біз ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сында, сондай-ақ ерлер арасындағы командалық жарыста үш лицензияны жеңіп алуды жоспарлап отырмыз», - деді Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин.

Кирилл Париж Олимпиадасындағы алғашқы ойынында Чили елінің өкілі Николас Бургоспен шеберлік байқасып, 4 сетте де басым түскен еді. Кейін ол 1/16 финалда германиялық теннисші Данк Кьюды жеңген болатын. 1/8 финалда Мысыр өкілі Омар Ассармен кездесті. Бұл ойында қазақстандық спортшы жеңіліп қалды. 

Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті