Өзбекстанның бокстан көп алтын алуының сыры белгілі болды

12.08.2024, 18:41
9716
Өзбекстанның бокстан көп алтын алуының сыры белгілі болды коллаж smartnews.kz

Көрші ел олимпиада чемпиондарын дайындауды мықтап қолға алған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Парижде өткен Олимпиада ойындарында бокстан 13 алтын, 13 күміс және 26 қола медаль сарапқа салынды. Оның жетеуі ерлер құрамасына және алтауы әйелдерге тиесілі. Бұл туралы 1Bol.kz жазды.

Ерлер арасында медальдар жиынтығы бойынша Өзбекстан көш бастады. 5 бірдей боксшысы алтын алып, ел мерейін үстем етті. Оның ішінде Баходир Жалолов пен Хасонбай Дусматов олимпиаданың екі дүркін чемпионы атанып отыр. Осы орайда «Өзбекстан боксшыларының жетістігінің сыры неде?» деген сұрақ туындайтыны анық.

Қазір әлеуметтік желілерде Өзбекстанның  2025 жылға дейінгі боксты дамыту тұжырымдамасы қызу талқыға түсуде. Құжат 2021-2022 жылдары қабылданған. Ел арасында боксты насихаттау әдістері мен танымал боксшылардың өмірін жиі көрсету арқылы жас балаларды спортқа тарту тетіктері көрсетілген.

Тұжырымдамада көрсетілгендей, Өзбекстан билігі 2025 жылға дейін бокспен айналысатын жасөспірімдердің санын 27 мыңға дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ Өзбекстан құрамасының мүшелері үшін Ташкент қаласында халықаралық талаптарға сай келетін 100 адамға арналған заманауи бокс базасын салуды мақсат еткен.

«Бокспен тұрақты түрде айналысатын 13-17 жас аралығындағы балалар санын көбейту. Бокспен үнемі айналысатын жоғары білім беру жүйесіндегі I курс студенттерінің санын көбейту. Орта жалпы білім беретін, орта арнаулы, кәсіптік және спорттық оқу орындарының спорт ғимараттарын тиімді пайдалану», - деп жазылған Тұжырымдамада.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады