«Өзгерістер жоспарлануда»: Мырзағали Айтжанов бастаған бокстағы 10 бапкер толығымен қуылды

13.08.2024, 09:34
2465
«Өзгерістер жоспарлануда»: Мырзағали Айтжанов бастаған бокстағы 10 бапкер толығымен қуылды instagram / boxingkazakhstan

Федерация бапкерлердің қуылуына қатысты мәлімдеме жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп реформа жасалатынын айтқан еді.

Қазақстан бокс федерациясы Олимпиада ойындарынан соң бірқатар қызметкерінің жұмыстан босатылғанын жоққа шығарды.

Өшірілген постта жұмыстан босатылғандар тізімін Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Әзиз Қожамбетов бастап тұрған еді.

Сондай-ақ бас бапкер Мырзағали Айтжанов, аға жаттықтырушы Марат Жақиев және өзге де жаттықтырушылар - Нұркен Андасов, Нұржан Насанов, Ғании Ашкеев, Ермек Ерсаев, Талғатбек Жақпеков, Закир Сафиулин, Азамат Мақажанов, Жамил Жүсіп пен кеңесші жаттықтырушы Донатас Янусевичус болды.

Федерациядағылар қызметкерлердің ешқайсысы босатылмағанын, бірақ өзгерістер болатынын айтты.

«Ақпарат шындыққа жанаспайды. Жұмыстан ешкім босатылған жоқ. Өзгерістер жоспарлануда. Ресми дереккөздерде хабарлаймыз», — делінген федерация жауабында.

Бұған дейін Бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп те реформалар туралы айтқан. Ол Олимпиада ойындары құрамада қателіктер мен кемшіліктер барын көрсетті дегенді алға тартты.

 
2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды