«Анасы балаларына жақындауға қорқып қалды»: өнер иелері Елдос Сметовке қолдау білдірді

Аиса Махамбет Редактор
13.08.2024, 13:45
3024
«Анасы балаларына жақындауға қорқып қалды»: өнер иелері Елдос Сметовке қолдау білдірді коллаж smartnews.kz

Анасы қасынан қалмайды деп әлеуметтік желіде Елдос Сметовтің анасын көпшілік сынап еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иелері Париж Олимпиадасының чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов анасымен қол ұстасып жүрген видеосын қолдап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Елдос Сметовтің құрметіне ұйымдастырылған кеште чемпион анасымен қол ұстасып шыққан. Оның анасын коуч Роза Әшірбаева мен TikTok желісіндегі қолданушылар сынға алды. Ол Сметовтің әйелімен емес анасымен қол ұстасып шыққанына шүйлікті. 

Елімізге белгілі танымал азаматтар спортшының іс-әрекетін қолдап, тілектестік білдіріп жатыр.

“Аналары балаларына жақындауға қорқып қалды-ау. Біз түбінде хайп пен хейттен өлеміз", – деп жазды Гүлнұр Мамасарипова.

Одан кейін экс-сенатор, журналист Дана Нұржігіт те спортшыны жігерлендірді.

"Бұқара алдында жүрген адамның бағы да, соры осы, бауырым. Бәрі – сын", – деді Дана Нұржігіт Елдос Сметовтің әр әрекетін сынаған халықтың жазбасын бөлісіп. 

Сонымен қатар әнші Жазира Байырбекова да “мамасының баласы” деп атайтындар туралы өз ойын бөлісті. 

“Әйелін құрметтейтін жігіттерді "подкаблучник" дейтін еді. Енді анасын құрметтейтіндерді "мамасының баласы" деп мазақ ететін болыпты. Әрине, әртүрлі аналар, әртүрлі келіншектер болатыны рас. Бірақ бұл қылықтарыңыз әр отбасындағы жігіттерді әйеліне немесе анасына қарсы қоюға әкелмей ме?! Ешкімді ешкімге қитұрқы сөзбен айдап салмай, жәй ғана түсінісіп өмір сүруге неге тырыспайды біздің қоғам...”, – деп ренжіді өнер иесі. 

Журналист Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, жас қыздардың өзі “Мамасының баласы” деп күлетінді шығарған.

“TikTok-та, тіпті мұнда да шашы май-май, мыж-мыж, үтіктелмеген киіммен отырып алып, тұрмысқа шықпаған қыздардың “Мамасының баласы” туралы пікірлерін көріп: “Айналайын сіңлім, мен де “Папасының қызымын”. Ұлдарым “Мамасының баласы” сен ойлағандай осал емес! Керісінше қазір оқы, білім ал, қылықты бол, тазалықты сүй, өзіңді күт, жақсы жігітке тұрмысқа шық, шын сүйсең “мамасының баласы” сені бақытты қылады және дүниеге ұл әкелгенде ұлым мені шексіз сүйіп, құрметтесе екен деп тілейтін боласың" дегім келеді. Лайым сол күнге құдай жеткізсін!”, – деп кеңес берді журналист. 

Мұхтар Шахановтың жұбайы Розалинда Шаханова өмірден озды Ресей елдегі шетелдіктердің ақша аударымдарын қадағаламақ Франция Қазақстан үшін виза режимін жеңілдетуді қолдады Ақтау қаласында көшені кеш бата салысымен шибөрілер кезетін болған (ВИДЕО) Жетімге тиесілі баспанада Ертіс ауданы әкімінің орынбасары тұрған Жаңаөзенде 11 сынып оқушылары шетелге оқуға түскен сыныптасын көре алмай оны ұрып тастаған Зеленский Қытайды Ресейге қару-жарақ жеткізді деп айыптады, кейін Путин Тоқаевпен байланысты Атырау маңында КамАЗ аударылып, ішіндегі мұнай жерге төгілді 13 жасар мектеп оқушысы мұғалімнің басынан балғамен ұрып, мектептен қашып кеткен (ВИДЕО) 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды «Пися» деп жазып қойған»: танымал блогер Дарикорнның жарнамасының кесірінен бала мазаққа ұшыраған Танымал актриса Гүлмира Жакилина қызын өзге ұлтқа ұзатқанын ашып айтты «Тамағымды ішкен сайын рақмет айтпайды»: Жазира Байырбекова жұбайымен арасы туралы айтты «Зәкең бай болған жоқ»: Мақпал Жүнісова не себепті 20 жас үлкен адамға күйеуге шыққанын айтты «1,5 млн талап етіп жатыр»: Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотқа берді Танымал футболшы 11-қабаттан құлап қайтыс болды «Миы шайқалып, жамбасына пышақ сұққан»: Нұрқанат Ғайыпбаевтың қанды оқиға күні қандай жарақаттар алғаны белгілі болды «Шаншу-кесуге арналған зат»: Сотта Шерзат өлімінің негізгі себебі белгілі болды Кетчуп пен нан деп мазаққа қалған Димаш Құдайберген жерлестерінің «орынсыз» әзіліне жауап берді Жаңаөзендік келіншек ұлына нашар тәрбие бергені үшін сот алдында жауап берді