Қырғызстан Олимпиадаға қатысқан барлық спортшысына көлік мінгізді (ВИДЕО)

13.08.2024, 14:05
1980
Қырғызстан Олимпиадаға қатысқан барлық спортшысына көлік мінгізді (ВИДЕО) 24.kg

Сонымен қатар, олардың бәріне де ақшалай сыйақы берілген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Париж Олимпиадасында жүлдегер атанған Қырғызстан спортшылары еліне оралып, әуежайдан оларды жергілікті жанкүйерлер ыстық ықыласпен күтіп алды. Бұл туралы 1Bol.kz жазды.

Франция астанасында өткен ойындарда көрші ел құрамасынан барлығы 16 спортшы аттанып, олардың алтауы жүлдеге қол жеткізген. Тағы 4 балуан қола жүлде үшін күресіп, 5-ші орынға табан тіреді.

Атап айтқанда, әйелдер күресінен Мейірім Жұманазарова мен боксшы Мұнарбек Сейітбекұлы күміс жүлдегер атанды. Ал, грек-рим күресінен Ақжол Махмұдов, Жоламан Шәршенбеков, Үзір Жүсіпбеков және әйелдер күресінен Айсұлу Тыныбекова қола жүлдеге ие болды.


Фото: 24.kg

Айта кететін жайт, Қырғызстанның үш балуаны Парижде Олимпиада Ойындарының екі дүркін жүлдегері атанып отыр. Олар – Мейірім Жұманазарова, Ақжол Махмұдов, Айсұлу Тыныбекова.

Қырғызстан үкіметі Олимпиадада күміс жүлде алған спортшыға 10 млн сом ақша мен көлік тарту етті. Ал қола жүлдегерлерге 7 млн сом мен темір тұлпар сыйлады. Сондай-ақ, бесінші орын алған Айпері Медетқызы (әйелдер күресі), Айаал Лазарев, Бекзат Алмазұлы (еркін күрес), Амантұр Исмаилов (грек-рим күресі) 1 млн сом мен көлік иеленді. Іріктеу кезеңдерінде есе жіберген 5 спортшыға 500 мың сом мен көлік берілді.

Дрондар шабуылы Ресей әуежайларына әсер етті Ресейде теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды «Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті