Сыныптас қызды құлдықта ұстаған қызылордалық оқушылар изолятордан үйқамаққа ауыстырылды

Аиса Махамбет Редактор
13.08.2024, 14:31
1390
Сыныптас қызды құлдықта ұстаған қызылордалық оқушылар изолятордан үйқамаққа ауыстырылды Shutterstock

Сыныптас қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда қаласында сыныптасын секс-құлдықта ұстады деген күдікке ілінген мектеп оқушылары үйқамаққа ауыстырылды. Бұл туралы Kazinform жазды.

Мәлім болғандай, қоғамдық қорға жағдайды оқушы қыздың ата-анасы хабарлаған. Ал оқушының секс-құлдықта жүргенін оның досы анықтаған.

Бұл жөнінде алғашқы болып қоғамдық қордың басшысы Дина Таңсәрі хабарлаған.

«Осыған байланысты түсініктеме берген Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі «Қызылорда полициясы аталған дерек бойынша күдіктілерді ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған. Қазіргі таңда іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады», - деп атап өтті.

Күдіктілердің үйқамаққа ауыстырылғаны жөнінде Қызылорда облыстық соты төмендегіше түсініктеме берді.

«Аталған өтінішхаттарды Қызылорда қаласының тергеу соты қараған. Күдіктілерге, кәмелетке жасына толмағандарға үйқамақ түріндегі санкциялар қолданылды. Қазіргі уақытта тергеу сотының қаулыларына жәбірленуші тараптан Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына шағым келіп түсті. Ол қаралу сатысында тұр. Қаулыға қалған қатысушылар шағым жасамаған», - деп мәлім етті облыстық соттан.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қызылорда қаласында мектеп оқушылары сыныптасын секс-құлдықта ұстаған. Бір топ жасөспірім 16 жастағы қызды қинап ұстаған, есірткі беріп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды