«Майшелпек жегендердің бәрін қуу керек»: Амалбек Тшанов бас бапкер Айтжановтың қателігін бетіне басты

13.08.2024, 15:16
2317
«Майшелпек жегендердің бәрін қуу керек»: Амалбек Тшанов бас бапкер Айтжановтың қателігін бетіне басты коллаж smartnews.kz

Тшанов бас бапкер Айтжановты «алатынын алып, ішерін ішіп болды, орнынан кетсін» деді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ардагер спортшы, қоғам қайраткері Амалбек Тшан бокстан бас бапкердің қателігін турасынан айтты.

Ол Махмұд Сабырхан мен Сәкен Бибосыновтың салмақ дәрежесін өзгерттіргенін, артынша бапкердің осы өрескел қателігі қос боксшыны жеңіліске ұшыратқанын айтты. Бұл туралы ардагер спортшы Assyltas TV арнасына берген сұхбатында айтып берді. 

"Екі жағдайға бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжановтың кінәсі бар. Тікелей оны айта аламын. Біріншіден, 51 кг-дағы Махмудты 57-ге өткізіп қойды. 57 кг-дағы Сәкенді 51-ге әкелді. Сәкен қай салмақта болса да бойы ұзын. Керісінше оны 57-де ұстау керек еді. Ал Махмуд 51-де болғанда өзбекті де жеңетін еді. Ол бала бір ерекше. Мырзағалидың осы шешімі ешқашан кешірілмейтін нәрсе, тікелей қиянат жасады. Бұл - бір. Кешегі финалдық жекпе-жекті қараңыз. Жұрттың бәрі көрген Украина боксшысының агрессивті түрде ойынын жаттықтырушылар өте жақсы біледі. Жаттықтырушылар неге соған ыңғайлап дайындамады? Боксшыға ең керегі - аяқ. Аяқпен жақсы жұмыс істесе қорғана да алады, шабуылдай да алады. Жарыс басталмай тұрып, дайындауға болар еді. Сол жердің өзінде де ештеңе жасамады. Біздің бала барлық жағынан да басым, бірақ тактикалық жағынан қателік кетті. Соның бәрін айтатын жаттықтырушы сол жерде тұр ғой. Екі боксшы үшін Мырзағали Айтжановты қатты кіналаймын. Бұлардың алтын алатынына күмәнім жоқ еді", - деді ол.

Сондай-ақ, ол Мырзағали Айтжанов әдейі жанына чемпиондарды дайындап шығарған Тұрсынғали Еділовті кеңесші етіп алмайтынын, қазіргі бас бапкер ешкіммен ақшаны бөліскісі келмейтінін айтты.

"Бас жаттықтырушы барлық мәселені өзі шеше береді. Осының бәрін тоқтату керек. Бір адамға билікті беріп, бас иіп отыруды тоқтату керек. Мырзағали Айтжанов неге Тұрсынғали Еділовті қасына шақырып, бас кеңесші етпейді? Қайда жүр ол? Себебі бөліскісі келмейді, бәрі сол дүниенің айналасындағы әңгіме. Майшелпек жегендердің бәрін қуу керек. Олар алатынын алып, ішерін ішіп болды. Олимпиада біткенде кешірім сұрады. Несіне кешірім сұрайды, кету керек ол", - деді ол.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды