«РФ қара тізімде болса, біз де бармаймыз деген саясат»: Сәуле Әбілдаханқызы Рыбакина туралы

Аиса Махамбет Редактор
13.08.2024, 15:40
1313
«РФ қара тізімде болса, біз де бармаймыз деген саясат»: Сәуле Әбілдаханқызы Рыбакина туралы collage smartnews.kz

Ресейден ажырамаған қазақтарды барынша аяқтан шалды дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист Сәуле Әбілдаханқызы Олимпиадаға бір күн қалғанда жарысқа қатысудан бас тартқан легионер теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева туралы ойын айтты. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Олимпиадада спортшыларымыз жеңілген жоқ. Саясат жеңілді. Спорт деген – саясат. («Кім кіммен?..» екенін көрсетеді. Саясатта «Бізбен бірге еместің бәрі – жау» деген қағида бар)

Санкция салынып, әлем теріс айналған Ресейге кей тұста (сауда-саттықта, орыс рублінің құнын түсірмеуде, нан-тұзбен, бауырсақпен, етпен, шашу шашып, әндетіп күтіп алып, төрімізге шығаруда, жеке ЦОН ашып беруде, тіпті ірі компанияларын былай қойып, блогерлерінің өзі Қазақстанға кеп табыс тауып отырғаны т.с.с.) Қазақстан «көмектесіп» отырғанын олар білмейді емес, біледі. Әрине, сол себепті төрешілер мықтылардың өздерін төмендетті. Ресейден ажырамай дос боп отырған, көмектесіп отырған қазақтарды барынша аяқтан шалу алдын-ала келісілген, шешілген», – деп жазды.

Ресеймен арадағы достық пен қастық Олимпиададағы спортшылардың жүлде алып-алмауына қатты әсер еткенін де жаза кетті.

Біздің осындай жағдайда Ресеймен бірге «қара тізімге» кіріп кетпей, қатысып, азды-көпті медальмен қайтқанымыздың өзі абырой.

Соғыс боп жатқан Украинаның өте табысты болуы – ол елді Еуропа, АҚШ қолдап отырғанының тағы бір көрінісі.

Әрине, біздегі спорттағы жемқорлық, кей спортшылардың дайындығы төмендігі, екі-үш спортшының ұтып тұрған жерінен жеңісті қолдан беруі т.б. факторлар да «жығылғанға жұдырық» болды. Ол «жығылғандарды» өзіміз де «жұдырықтадық», – дейді ол.

Сондай-ақ журналист күзде басталатын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дұрыстап дайындалу керегін айтты.

«Ұлы дала ойындары – көшпенділердің ұлттық ойындарында дұрыс нәтиже көрсетуге бар күшімізді салу керек. Әйтпесе ұят болады. Ақшаны да, спортшыларды да аямаңдар, таяқтап жүріп жаттықтырыңдар.

(Суреттегі екеудікі де сол саясат, қазақты аяқтан шалу. «Ты чёёё….. РФ қара тізімде ме, біз де бармаймыз» деген саясат)», деп жазды журналист.

«Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады «Маған да берген жоқ»: Әнші Amre атақ бермегені үшін ренжіп қалды Ұлттық ұланның ән-би ансамблі Батырхан Шүкеновті еске алу кешінде көрермендердің жүрегін елжіретті Сыныптасына қателесіп қоңырау шалғаны үшін полицей фельдшерді өлтірген 68 жастағы әйел күйеуін арақ ішкені үшін пышақтап өлтірген «Я, Аллаһым, мені сақташы…»: Азапталып қаза болған Ақнәрдің соңғы сәттегі видеосы тарады (ВИДЕО) Боксшы қыздарымыз Азия чемпионатынан 12 алтын иеленді «Туғанымдай бағып едім»: 29 жастағы жігіт өгей анасы мен оның немересін өртеп жібермек болған «Басыңызға келсін»: Мөлдір Әуелбекова үй шаруасын жасамайтынын айтты Қатерлі ісікке шалдыққан Джо Байденнің 1 жыл ғана өмірі қалған Шымкентте жазасын өтеп жүрген ер адам 8 жасар қыздың етегіне қол жүгірткен Ресей командирлері украин тұтқындарын өлтіріп жатыр (ВИДЕО) Түркістанда қоңыр аю камераға түсіп қалды (ВИДЕО) Жанжал кезінде Қаржаубай Нұрымовтың қолында қандай пышақ болғаны айтылды Швейцариялық Димаштың жанкүйері Қазақстан туралы кітап шығарды Екібастұзда есірткі жасырумен айналысқан оқушы қыз ұсталды Бүгін бірқатар өңірде бұршақ жауады «Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді