10130

«Ай сайынғы ақша бір тиын болып қалады»: Елдос Сметов 250 мың долларға қатысты сұраққа нүкте қойды (ВИДЕО)

4 жылдың 12 айына бөліп тастаймыз деді Елдос.

«Ай сайынғы ақша бір тиын болып қалады»: Елдос Сметов 250 мың долларға қатысты сұраққа нүкте қойды (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов мемлекет тарапынан берілетін 250 мың доллар сыйақысын қайда жұмсайтынын сұраған жанкүйерлеріне жауап берді.

Дзюдошы эксклюзив сұхбатында сыйақының 4 жылда бір берілетін айлық екенін атап өтті.

Біздің спортта жүріп өткен карьерамызды 4 жыл деп алсақ, сол алған 250 мың долларды 4 жылдың 12 айына бөліп тастаймыз. Сол кезде ай сайынғы ақша бір тиын болып қалады. Ай сайын алатын жалақың есебінде болады. Сол сияқты сен ай сайын алып жатқан жалақыңды қайда жаратасың деген сұрақтың өзі ыңғайсыз деп ойлаймын. Әр адам жұмысына қарай ай соңында жалақы алады ғой. Жеке өміріңіз, жеке амбицияңыз, ар жағында бала-шағаңыз, одан бөлек жүріп-тұруыңыз бар. Мүмкін сіздің көмектесетін бауырыңыз не бір адамыңыз бар шығар. Оны басқа адамға айтудың қажеті жоқ деп санаймын, - деді Елдос Сметов.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор