Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Нұрбек Оралбайға құрмет көрсетіп, тон кигізді
Нұрбек пен сыңары Айбекке қымбат сыйлықтарын тарту етті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Париж олимпиадасының күміс медалының иегері Нұрбек Оралбайға жағалы тон кигізді. Осылайша олар боксшыға өздерінің құрметін көрсетті.
Нұрбекті құшақтап, құттықтаған сәт TikTok желісіндегі бейнежазба арқылы тарады. Өнерлі жұп Қанат-Света Айтбаевтар егіз бауырлар Нұрбек пен Айбекке өз сыйларын тарту етті.
«Мына құндыз тон арнайы саған атап жасатып алдық. Өзіңе шап-шақ екен. Ал Айбекке інісіне қолдау көрсеткені үшін оған да бір ат мінгіземіз», – деді Қанат Айтбаев.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор