SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Спорт журналисі, комментатор Есей Жеңісұлы тойда жұбайымен емес, анасымен қол ұстасып шыққаны үшін сынға қалған Елдос Сметовке қолдау білдірді.
"Менің шешем екі жыл бұрын қайтыс болды. Анама жақсылық жасап үлгере алмай қалған адаммын. Әкесіз өстім, әкем ерте өмірден өтті. Шешем мені бәріне жеткізді. Елдостың анасын қасына ертіп жүргені – ерлік.
Елдос – азаматсың! Анасын солай төбесіне көтерген адам – ең бақытты адам. Ел айта берсін. Шешесіне жақсылық жасай алмағандар солай айтады", - деп көзіне жас алды Есей Жеңісұлы "Бірінші бол" подкастында.