Қызылордалық қыздың тәнін мыңға жуық ер адам сатып алған – Дина Таңсәрі

Аиса Махамбет Редактор
14.08.2024, 20:50
1293
Қызылордалық қыздың тәнін мыңға жуық ер адам сатып алған – Дина Таңсәрі 123rf.com

Оның айтуынша, осы іс бойынша күдікке түскен азаматтардың туыстары кешірім сұрауға оқталып отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Немолчи.кз» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Дина Таңсәрі Қызылорда облысында 8 ай құлдықта болып, жезөкшелікке салынған қызға күдіктілердің туыстары кешірім сұрап келетінін жеткізді. Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.

«Әпкелері, анасы және туыстарынан құралған бір топ адам кешірім сұрауға келеді.  Қазір үйдің қасында үнемі полиция қызметкері тұрады. Ол тек қыздың қауіпсіздігіне жауап береді. Ал анасын қала таниды. Ол өз өмірі үшін қорқып отыр», - дейді ол.

Дина Таңсәрі атағандай, қыз осыған дейін құлдықта болғанда, олардың туысқандары ата-анасына улы газ жібереміз деп қорқытқан.

«Оларға бұл пәтерде тұрудың өзі қауіп төндіріп отыр. Біз бұл жағдайға дұрыс баға бермей отырмыз. Мыңға жуық клиент, төрт күдікті және олардың ата-аналары бар. «Қыздар.нет» сайтында келген тапсырыстарды күдіктілердің бірінің пәтерінде қабылдатқан. Сондай-ақ олар тапсырыспен сауналарға да апарған », - дейді Таңсәрі.

Еске салсақ, Қызылорда облысында жас қызды сыныптастары жарты жыл құлдықта ұстап, жезөкшелікке салғаны қазір елде резонанс тудырған жағдайға айналды. Бұл туралы алғашқы ақпаратты НеМолчи қоры жазған. Қордың дерегінше, қатарластары оқушы қызды секс-құлдықта ұстап, айына кемі 3-4 млн теңге пайда тауып отырған.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды