2370

Құны 20 млн теңге: блогер NNN Нұрбек Оралбайға жаңа көлік сыйға тартты (ВИДЕО)

Сыңары Айбекке 5 млн теңге берді.

Құны 20 млн теңге: блогер NNN Нұрбек Оралбайға жаңа көлік сыйға тартты (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, блогер NNN отандық кәсіпкерлермен біріге отырып, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған Нұрбек Оралбайға су жаңа көлік сыйлады.

Желі жұлдызы Олимпиадада ел намысын қорғап келген боксшыға жаңа көліктің кілтін табыстап жатқан видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

NNN кәсіпкерлермен бірге Нұрбек Оралбайға Zeekr автокөлігін сыйлаған. Темір тұлпардың құны шамамен 20 млн теңгені құрайды.

Бұған дейін, спортшыға бастапқыда сыйламақ болған көлік жол апатына түсіп, беруге жарамсыз болып қалғанын жазған едік. Десе де, кәсіпкерлер Париж Олимпиадасының күміс жүлдегеріне уәде еткен темір тұлпарды табыстаған. Сонымен қатар бизнесмендер Нұрбектің ағасы Айбек Оралбайды да сыйсыз қалдырмаған. Олар спортшыға 5 млн теңгелік сертификатты тарту етті.

Материал авторы