«Мен бәрібір де бақыттымын»: гимнастшы Нариман Құрбанов ескерусіз қалғанына ренжімейтінін айтты

15.08.2024, 12:17
3076
«Мен бәрібір де бақыттымын»: гимнастшы Нариман Құрбанов ескерусіз қалғанына ренжімейтінін айтты olympic.kz

Күміс иегері Нариман ешкім көлік пен пәтер сыйламаса да, шын бақытты екенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасында күміс медаль иеленген қазақстандық Нариман Құрбановтың жүлдегерлер арасында «елеусіз» қалғаны әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын.

Жанкүйерлердің пікірінше, жүлде ала алмаған спортшылардың өзіне көлік мінгізіп, ақшалай сыйлық беріп жатқанда, Қазақстан тарихында гимнастикадан алғашқы медальды иеленген Курбанов сый-құрметсіз қалған. Десе де, бұл туралы спортшының пікірі бөлек.

«Иә, машина да, үй де берілмеді деген жазбаларды көп оқимын. Бірінші кезекте осындай қолдау көрсетіп жатқан жанкүйерлерге алғысым шексіз. Бірақ, мен уақыты келгенде өзіме тиістінің бәрін аламын. Егер одан да артығы керек болса, мен оған ақша табамын. Тек мынаны ғана айтайын: қазір менің өмірімде болып жатқан оқиғалар мені шынымен бақытты етеді», - деп жауап берді Нариман жанкүйерлердің қойған сауалына.

Естеріңізге сала кетейік, Нариман Құрбанов Париж ойындарында спорттық гимнастикадан өнер көрсетіп, ел қоржынына тұңғыш рет жүлде сыйлаған еді. Спортшы гимнастикалық атта сәтті өнер көрсетіп,  финалда 15,433 ұпай жинады. Осылайша ол күміс медаль жеңіп алды. Бұған дейін Құрбанов бұл тарихи сәтті 18 жасынан бастап армандағанын айтқан болатын.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген