«Сақал қою сүннет емес»: дінтанушы Елдос Сметовке жауап берді

Аиса Махамбет Редактор
15.08.2024, 12:37
3010
«Сақал қою сүннет емес»: дінтанушы Елдос Сметовке жауап берді коллаж smartnews.kz

Сақал қойғың келсе өзің қой, басқаларға тықпалама дейді дінтану профессоры.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Нұр-Мүбарак университетінің профессоры Жоламан Бұланұлы сақал қоюға қатысты шарттарды түсіндірді.

Ол Елдос Сметовтің діни әңгімелері мен сақалына қатысты желідегі пікірталасқа нүкте қойды. Жоламан Бұланұлының бұл пікірін журналист Серік Аббасшах әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың сақалы мен уағызынан кейін сақал мен мұрт туралы талас-тартыс әлеуметтік желіде біраз жерге дейін барды. Мен де бір-екі ауыз айта кетейін.

1. Сақал-мұрт ер адамға тән шығатын табиғи нәрсе. Сондықтан өседі. Қалаған сақал қойсын, қаламаған қоймасын. Бірақ, сақал қойғандар сұрқын кетірмей, жасап, жарастырып әдемі қойсын.
2. Қазақ негізі сақал-мұртқа қарсы емес, сақалды діни талап деп қоятын санаға, әр нәрсені дінге байлап, өз идеологиясын тықпалайтындарға қарсы.
3. Сақалды сүннет, уәжіп деп діни талап ретінде қоятын және оны басқалардан талап ететіндер бар. Тіпті кейбір жастар да солай. Оларға айтарым, қойғың келсе өзің қой, басқаларға тықпалама. Сүннет, уәжіп деп албұр-жұлбыр, селдір-селеу сиықсыз сақал қою сүннет те, уәжіп те емес. Жағымсыз көрінгеннен, сүйкімді көріну әлдеқайда жақсы.
4. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сақал қойған, бірақ бір тұтамнан асырмай, әдемілеп жарастырып қойған. Сақал қойғандарға да әдемілеп, жасап жарастырып қоюды насихат еткен. Сондықтан Пайғамбарды үлгі тұтып, сақал қою сүннет. Әйтпесе албұр-жұлыр, желбір-желеу сақал өсір демеген.
5. Алайда сақалды тек Пайғамбарымыз ғана қоймаған, дін дұшпандары, Пайғамбардың дұшпаны Әбу Ләһаб, Әбу Жаһилдер де, басқа дін өкілдері де сақал қойған. Жалпы сақал ер адамға тән табиғи нәрсе. Бұл айтпаса да белгілі ғой.
6. Ал сақал ұнамаған, жараспаған, қойғысы келмеген, әсіресе алдында әкесі, атасы бар жас азаматтар сақал қоймаса күнә болмайды.
7. Сақал діннің, еркектіктің, адалдықтың талабы да, шарты да емес. Сәләфи-уәһһабилер, талибандар сияқты сақалды діннің талабы ретінде қою және оны басқаларға тықпалау – мисыздық, топастық. Исламның шарты, талабы, критерийі сақал, балақ, тәспі, сәлде емес.
8. Сақалың бар, намаз оқисың, Алла, Алла дейсің, бірақ өтірік айтсаң, жағымпаз болсаң, сенімді болмасаң, сөзіңде тұрмасаң, білімді болмасаң, моральдық қағидаларды сақтамасаң, еңбекқор болмасаң, таза болмасаң, адал болмасаң, айналаңа қамқор, мейірімді болмасаң, ел қорықса т.б. Ол қандай мұсылмандық?», — делінген Нұр-Мүбарак университетінің профессоры Жоламан Бұланұлының пікірінде.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды