Алматыда оқитын студенттер үшін салқындатқышы жоқ вагондар бөлінген

15.08.2024, 12:59
692
Алматыда оқитын студенттер үшін салқындатқышы жоқ вагондар бөлінген бейнежазбадан алынған кадр

Студенттерді тасуға арналған қосымша вагондар сапасыз боп шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда оқитын Атырау және Маңғыстау облыстарының студенттер үшін салқындатқышы жоқ вагондар бөлінген. Бұл туралы Kazinform жазды.

Көлік министрлігінің мәліметінше, оқу жылы қарсаңында студенттерді тасымалдауға арналған қосымша вагондар іске қосылғалы отыр. 

«Бұл жұмыс «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамымен бірлесе жүргізіледі. Жаңа оқу жылы қарсаңында батыс өңірлер тұрғындарының сұранысына сәйкес қосымша маршруттарды іске қосу туралы шешім қабылданды. Пойыздар Ақтау және Атырау қалаларынан шығып, Алматы қаласына дейін студенттерді тасымалдайды. Кондиционерлері қарастырылған жаңа вагондар жазғы уақытта еліміздің аумағы бойынша басқа бағыттарға қатынайды. Сол себепті жоғарыда аталған вагондарда кондиционер жүйесі болмайды. Теміржол және су көлігі комитеті жас жолаушылардан қолайсыздықтар үшін алдын-ала кешірім сұрайды», -делінген министрліктің ақпаратында.

Мәселен, Ақтау-Алматы бағытында қосымша 360 жолаушыға арналған 8 жолаушы вагоны қатынайды. Бұл бағыттағы вагон 21 тамыз күні Ақтаудан шығып, 23 тамыз күні Алматыға жетеді.

Ал, Атырау-Алматы бағытына теміржолшылар қосымша 3 вагон қосады. Бұл вагондар 540 жолаушыға арналған. Атырау-Алматы бағытында пойыздар 16, 18, 20 және 22 тамызда қатынайды.

«Студенттер Ақтау және Атырау қалаларының вокзалдарынан теміржол билеттерін сатып ала алады. Студенттердің өтініштеріне сәйкес Көлік министрлігі қосымша вагондар қоюға дайын. Биыл жаңа вагондар паркі 140 бірлікке жаңартылады. Келесі жылы тағы 226 жаңа вагон келеді. Вагондар паркін жаңарту жұмыстары жалғасады», -деп хабарлады министрліктен.

Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады