Павел Дуров Қазақстандағы ауыл балалары үшін 356 мың долларлық грант бөлді

15.08.2024, 15:35
1198
Павел Дуров Қазақстандағы ауыл балалары үшін 356 мың долларлық грант бөлді facebook.com/Айдын Рахимбаев

Telegram желісінің негізін қалаушы ресейлік Павел Дуров Қазақстандағы ауыл балалары үшін IQanat мектебіне 356 000 долларға 12 грант бөлді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ауыл балалары үшін 356 000 долларға 12 грант бөлген. Бұл туралы кәсіпкер Айдын Рақымбаев желідегі парақшасында мәлімдеді. 

"Павел Дуров ауыл балалары үшін IQanat мектебіне 356 000 долларға 12 грант бөлді. Осыған дейінгі Қазақстанға сапарында ол біздің мектепті Google Map-тен көріп, келгісі келетінін айтқан. Мектепке келген кезде Дуров оқу процесінің егжей-тегжейін, мыңдаған ауыл балаларының қай форматта олимпиадаларда іріктелетінін сұрап білді. Қарапайым ауыл балаларының керемет нәтиже көрсетіп, шетелдік университеттерге грантқа түсетінін білген ол грант ала алмаған бірнеше баланың оқуына ақша төлеуді ұсынды”, –  деді Рақымбаев.

Ауыл балаларының нәтижелерін көрген Дуров грант санын 12-ге арттырған.

"Ол үміткерлерді жеке сұрыптап, олардың ұпайларын көріп, жобаларына қызығушылық танытып, берілетін грант санын көбейтті. Осылайша Қазақстанның ең шалғай аймақтарынан 12 бала IQanat грантына ие болды. Барлығы өз қолымызда, “еңбек етсең ерінбей” демекші 12 ауылдан шыққан балаңның тағдырын мектепке кездейсоқ келген Павел өзгертіп жіберді. Енді балаларға сәттілік тілейміз, оларға артқан сенімді ақтайды деген ойдамын”, – деді Рақымбаев.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)