Иман Хелиф өзін «еркек» деп жазған Дональд Трамп пен Илон Маскты сотқа берді

15.08.2024, 16:01
1032
Иман Хелиф өзін «еркек» деп жазған Дональд Трамп пен Илон Маскты сотқа берді Global Look Press

Париж олимпиадасының чемпионы атанған алжирлік қыз сотқа жүгінді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Париж Олимпиадасының бокстан чемпионы, алжирлік спортшы Иман Хелиф өзіне қатысты кибербуллинг жасаған танымал тұлғалардың үстінен сотқа арыз берді. Бұл туралы 1Bol.kz жазды.

 

Боксшы жазушы Жоан Роулиң, Х әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск және АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың үстінен шағым түсірген.

Аталған тұлғалар әлеуметтік желіде Иман Хелифпен жұдырықтасқан италиялық Анджела Каринидің сайыстан бас тартқанын жарыса жазып, боксшы қыздың жынысына қатысты тақырыпты қызу талқылады. Спортшының қорғаушысы «олар боксшының атына кір келтірді» деп айыптап отыр. 

Иман Хелиф Париж олимпиадасының чемпионы атанған соң өзінің ерекше қабілетке ие әйел екенін мәлімдеген еді.

«Мен ерекше қабілетке ие мықты әйелмін. Шабуыл мен зұлымдық кампаниясының нысанына айналдым. Бұл менің соларға ең сәтті жауабым болды. Жауап қай кезде де шаршы алаңда болады. Менің турнирге қатысуға толық құқым бар. Себебі өзгелер сияқты мен де әйелмін. Мен әйелмін, әйел секілді өмір сүрдім, әйел ретінде жарысқа түстім. Бұл шабуылдардың бәрі менің табысыма ерекше әр береді», - деді Иман Хелиф.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды