1645

Мұхамеджан Тазабек Елдос Сметовтің медалын тағып, көзге түсті

Белгілі айтыскер ақын, дінтанушы, тәлімгер Мұхамеджан Тазабек Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовті құттықтады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Мұхамеджан Тазабек Елдос Сметовтің медалын тағып, көзге түсті
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мұхамеджан Тазабек өзінің жеке парақшасына чемпионның алтын алқасын мойнына тағып түскен фотосын жариялады. 

“Жалғыз алтынды жақыннан көрдік”, – деп жазды медиа маманы. 

Айта кетейік, Елдос Сметов Париж олимпиадасында 60 келі салмақта топ жарып, дзюдо күресінен қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы және үш олимпиада жүлде алған алғашқы қазақ атанған еді.  

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор