«Әйелді хиджаб кимегені үшін өлтіреді»: ІІМ әнші Қамидің сөзін тексерді

Аиса Махамбет Редактор
15.08.2024, 19:32
1104
«Әйелді хиджаб кимегені үшін өлтіреді»: ІІМ әнші Қамидің сөзін тексерді жеке парақшасынан

Ұланғасыр Қамидің үстінен іс қозғалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ІІМ әнші Ұланғасыр Қамидың сөзіне қатысты жолданған арызды қарап, шешім шығарды.

Өнер иесінің «күйеулері хиджаб кимегені үшін әйелдерін өлтіреді» деген сөзінен кейін Саида Кастанеда (Саида Сисембаева) атты азамат әншінің үстінен арыз жазған еді.

Маған Алматы қаласының полиция департаментінің өтінішімді тіркеусіз қалдыратыны жөнінде хат келді. Өйткені олардың пікірінше, Ұ.Камиевтің сөздерінде қылмыс құрамы жоқ екен. Әнші сөзінде әйелдерді күйеулерінің өлтіруін ашық ақтаған болатын, – деп жазды Саида Сисембаева Facebook-те. 

Саида Сисембаева жазбасымен қоса ІІМ шешімін де жариялады.

Камиев Ұ.Ж өзінің Instagram парақшасында диалог жүргізіп, жазылушылар қойған сұрақтарға жауап берген. Осылайша ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамын жасамаған. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, бұл жағдайда қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ екенін ескере отырып, заңға сәйкес сіздің өтінішіңіз есепте тіркеусіз қалды әрі номенклатуралық іс жүргізу есебінен шығарылды, - делінген ІІМ-нің жауабында.

Ұлттық банк теңгені құтқару үшін 125 миллион доллар жұмсады Шымкентте 17 адам балмұздақтан уланып қалған Ердоған: Палестинаның тәуелсіздігін мойындауды қос қолдап қолдаймыз Димаш Құдайбергеннің қарындасы тұрмысқа шықты: қос әулет құдалық өткізіп, батасын берді (ВИДЕО) Мирас Жүгінісов басы дауға қалған ағасы үшін халықтан кешірім сұрады Семейде қызды түн ішінде көлікке күштеп отырғызған ер адам жазаланды (ВИДЕО) Жасырын діни мектептер әшкере болды: балаларды сабап, ата-аналардан ақша алған Сара Назарбаева үш айға жуық уақыт бойы ауруханада ем қабылдап жатыр Ресей Сирия аумағын геосаяси қақтығыс алаңы ретінде пайдалануға қарсы екенін жеткізді Семейде әйел күйеуін көсеумен ұрып тастаған АҚШ сенаторлары Украинаға $54,6 млрд доллар көлемінде көмек бөлуді ұсынды eGov.kz және басқа да мемлекеттік сервистерге қол жеткізу уақытша шектеледі Ресейден экспортталған электр энергиясының жартысы Қазақстан мен Қырғызстанға тиесілі боп шықты Батыс елдері Иран арнайы қызметтерінен төнетін қауіптің күшейіп жатқанын мәлімдеді 1 тамыздағы ауа райы болжамы: өрт қаупі мен найғазай «Сен мені кешірші»: белгілі директор Ақмоншақ Нұртазаның қызы студияда жылап қалды «Әйелім кетіп қалды»: Жахан Отарғалиевтың жазбасы жұртты елең еткізді «Ауғанстанға көшіп кет»: Баян Алагөзова мешітте қызды кінәлаған Рүстем Жүгінісовке шүйлікті Басы дауға қалған Жанқош Тұраров шаршы алаңға қайта оралмақ Қазақстандағы екінші және үшінші АЭС-ті Қытай салып бермек