Синоптиктер елімізде күзде ауа райы қандай болатынын болжады

16.08.2024, 09:50
1226
Синоптиктер елімізде күзде ауа райы қандай болатынын болжады Unsplash

Жауын-шашын мөлшері нормадан көп болмақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қыркүйекте жаңбыр жауып, екпінді жел соғып және ауа температурасы жиі өзгереді. Синоптиктер Қазақстанда күзде ауа райы қандай болатынын айтты. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі жазды. 

Метеорологтардың мәліметінше, қыркүйектің бірінші онкүндігінде күн жылы болып, жауын-шашын аз түседі. Содан кейін атмосфералық фронттардың жиі өзгеруі республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райына алып келеді.

Қыркүйекте жаңбыр жауып, екпінді жел соғып және ауа температурасының жиі өзгеруі күтіледі, ал солтүстік аймақтарда түнде 1-7°C дейін үсік болуы мүмкін.

Оңтүстік өңірлерде жоғары қысымды аймақтың әсерінен жауын-шашын нормадан аз болады деп болжанды. Температура фоны салыстырмалы түрде жылы болып қалады.

Алайда ай бойы ауа температурасы: түнде + 15 +23°С-тан +3 +10°С-қа дейін, ал күндіз+25 +35°С-тан +15 + 23°С-қа дейін біртіндеп төмендейді.

Қыркүйек айында ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1° жоғары болады. Батыста, еліміздің қиыр шығысындағы және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда норма шамасында болжанды.

Қыркүйек айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында және нормадан көп деп болжанса, елдің оңтүстік аймақтарында нормадан аз болады дейді мамандар. 

Қазан және қараша айларында күн салқындап күзден қысқа біртіндеп ауысу байқалды.

Жалпы алғанда, республиканың басым бөлігінде ауа температурасы алдағы жылдармен салыстырғанда әдеттегіден төмен болады, ал жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде норма шамасында және нормадан көп болады деп болжанған. Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен орталығында, жауын-шашын нормадан аз болуы ықтимал.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады