Қазақстанда университет оқытушыларының жалақысы қанша?

16.08.2024, 10:30
2525
Қазақстанда университет оқытушыларының жалақысы қанша? news-ru.arsu.kz

Қазақстандағы жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы көбеймек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандағы жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы оқу орнына қарай орта есеппен 160,7 мыңнан 350 мың теңгеге дейін көтерілді. Енді олардың жетістіктері үшін төленетін қосымша төлемдер де өспек.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанның білім саласындағы орташа атаулы жалақы 346 635 теңгеге жетті. Мамандыққа және аймаққа байланысты көрсеткіш айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Мысалы, жоғары оқу орындарының оқытушылары үшін республикалық орташа көрсеткіш 393 041 теңгеге тең. 

Алайда білім беру қызметкерлерінің жалақысы кейінгі бірнеше жылда жоспарлы түрде өссе де, республикалық орташа деңгейден әлі де артта қалып отыр. Дегенмен саладағы жалақының өсуі жалғасатынын атап өткен жөн.

Министрліктің дерегіне сенсек, жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы бірінші жылы 18% өсті. Биыл да өсім 18%-ға жетсе, 2025 жылдың қаңтарынан бастап тағы 17%-ға арттыру жоспарланып отыр. Бұл ретте ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысы 160,7 мыңнан 350 мың теңгеге, ал ұлттық жоғары оқу орындарында 228,8 мыңнан 400 мың теңгеге дейін артты.

Бұдан бөлек әртүрлі жетістіктері мен ғылыми дәрежелері үшін: философия докторы (PhD), ғылым докторы, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және доцент (доцент) ғылыми атағы үшін – 25 АЕК (92 300 теңге) оқытушылардың жалақысына қосымша ақы төленеді. Ал ғылым докторы ғылыми дәрежесі және доцент (доцент) ғылыми атағы үшін – 42 АЕК (155 064 теңге), философия докторы (PhD), ғылым докторы, ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесі және профессор ғылыми атағы үшін – 50 АЕК (184 600 теңге) берілмек.

Негізгі жұмыс орнында ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын ғалымдарға да дәл осындай қосымша ақы төленетінін айта кеткен жөн. Бұл ретте 40 жасқа толмаған жас ғалымдар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының эндаумент қорының инвестициялық кірістерінен алынған қаражат есебінен шәкіртақы ала алады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді