«Хасанбой Сәкеннен мықты». Өзбек бапкері Бибосыновтың физикалық мүмкіндігіне баға берді

16.08.2024, 11:14
3395
«Хасанбой Сәкеннен мықты». Өзбек бапкері Бибосыновтың физикалық мүмкіндігіне баға берді Тұрар Қазанғапов

Бас бапкер қазақстандық боксшының тактикасын мұқият зерттеген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев Олимпиада ойындарында Сәкен Бибосыновпен кездескен Хасанбой Дусматовтың жеңіске жететініне ешқандай күмән болмағанын айтты. Алайда ол Sports.kz-ке берген пікірінде төрешілердің шешіміне алдын ала күмән болғанын да жасырмай жеткізді.

«Бірінші раундта басымдық Сәкеннің еншісінде қалды. Біз оны анық түсіндік. Себебі, оның бойы ұзын. Ол күші бар сәтте мүмкіндігін пайдаланып, раундты ұтуға қауқарлы еді. Осыны білгендіктен біз ары қарай жұмыс істедік. Ал Хасанбойдың күші одан көп. Бұл ретте Сәкен салмақ қуатын болғандықтан ол міндетті түрде шаршайды. Дусматов алғашқы раундта ұтылғанына қарамастан біз оған уайымдамау керегін айтып, барлығы жоспар бойынша жүріп жатқанын жеткіздік. Сәкен барлық күшін бірінші раундта сарқып тастады. Екінші раундта Хасанбой қарқынды күшейтіп, басымдыққа ие болды. Шешуші раундта біздің боксшы таза жеңіске жеткендіктен төрешілердің шешіміне еш күмәнім болмады», - деді Толқын Қылышев.

Париж Олимпиадасының ширек финалында 51 келіде сынға түскен қазақстандық Сәкен Бибосынов өзбек боксшысына есе жіберген еді. Төрешілер шешімі бойынша Хасанбой Дусматов бір ауыздан жеңіске жетті. Бұл екі боксшысының алғашқы рет кездесуі емес. Өткен жылы Азия ойындарының іріктеу кезеңінде отандасымыз өзбек боксшысынан айласын асыра алмаған болатын. Сондай-ақ, 2021 жылы әлем чемпионатында екі спортшының жолы түйісіп, Сәкен Бибосынов басым түсті.

Айта кетейік, Қазақстан бокстан Париж Олимпиадасына толық құрамда барып, жалғыз күміс жүлдені қанағат тұтты. Өзге алты боксшы іріктеу кезеңдерінде төреші шешімі бойынша есе жіберіп, жарысты аяқтады.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды