«Екінші күйеуім балаларыммен дос»: Жанна Оразбақова жеке өмірі туралы сыр шертті

Аиса Махамбет Редактор
16.08.2024, 13:05
1501
«Екінші күйеуім балаларыммен дос»: Жанна Оразбақова жеке өмірі туралы сыр шертті жеке парақшасынан

Марқұм Салтанат Нүкенованың отбасылық адвокаты Жанна Оразбақова алғаш рет жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, заң саласының өкілі "Мамский әңгіме" youtube-арнасына берген сұхбатында екінші рет тұрмысқа шыққанын жасырмады. 

“Мен де ажырасқан әйелмін. Үш балам бар. Бүгін бірінші рет осы подкаста жеке өмірім туралы айтып отырмын. Оған дейін менің балаларым бар екенін көпшілік білмейді. Бірінші некедегі күйеуіммен ұрыс-керіссіз ажырастық. 11 жыл бірге өмір сүрдік. Біздің көзқарасымыз екітүрлі болды, болашақты да екеуміз екі көзқараспен қарайтын едік. Ол кезде қызымыз 11-де, ұлым 4 жаста болды. Екеуміздің жиі ренжіскенімізді, бақытсыз түрімізді балалардың көргенін қаламадық. Ашық сөйлесіп, сотқа арыз жазуға бардық. Сол кезде судьяның "ажырасудың себебі не" деп сұрағаны есімде. "Біз әрі қарай бірге өмір сүре алмаймыз. Ажырасқымыз келеді" дедім. Сосын ажырастық, дүние мүлікті бөліп алдық. Бірақ екеуміз бөлек кетсек те, ата-ана міндеттерін қатар атқарамыз деп келістік. Сол сөзімізде тұрдық. Балалары әкесін жиі көріп тұрады. Ең қызығы, оның туған әпкесі – менің жан құрбым. Біз әлі күнге дейін бірге саяхаттап тұрамыз. Үшіншіме аяғым ауыр кезде реанимацияға түсіп қалдым. Сол кезде балалар әкесінің қасында болды. Мұның бәрі қалыпты, дұрыс қарым-қатынас деп ойлаймын", – деді адвокат. 

Сондай-ақ, құқық қорғаушы екінші күйеуімен балаларының қарым-қатынасының жақсы екенін де айтты. 

“Ажырасқаннан кейін тұрмысқа шықтым. Үшінші сәбиімді дүниеге әкелдім. Жолдасыммен құрбым арқылы таныстық. Шын махаббаты екінші рет тұрмысқа шыққан кезде түсіндім. Екінші күйеуім – балаларымның жақын досы. Өте қолы ашық, жомарт кісі. Қуанғанымды көру үшін соңғы дүниесін қиюға әзір. Сол үшін үнемі "сараң жігітке тұрмысқа шықпаңдар" деп жиі айтамын. Ең бастысы ажырасудан кейін өмір тоқтап қалмайды”, – деп ойын бөлісті қоғам белсендісі.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады