«Бекзат Саттархановтың анасынан бата алдым»: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Олимпиада чемпионының шаңырағына барды

16.08.2024, 16:37
1453
«Бекзат Саттархановтың анасынан бата алдым»: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Олимпиада чемпионының шаңырағына барды жеке парақшасынан

Чемпионның медалін тағып көрді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың шаңырағына барып, анасынан бата алды.

Мұхамедсабыр Базарбайұлы 20 жасында Олимп шыңын бағындырған марқұм Бекзат Саттархановтың үйіне барғаны туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Ол Олимпиада чемпионының алтын жүлдесін тағып суретке түскен. 

"2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың шаңырағына келіп, анасынан бата алдық", - деп жазды Базарбайұлы. 

Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Саттарханова Turkistan TV телеарнасына берген сұқбатында Мұхаммедсабырдың Париж Олимпиадасындағы өнері туралы айтқан еді.

"Маған Мұхамедсабыр Базарбайұлының бокстасу мәнері қатты ұнады. Керемет бала. Егер шыңдалатын болса, үміт күтетін баламыз бар, Құдайға шүкір", - деді Сырлыкүл Саттарханова. 

Еске салайық, Мұхамедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасында 63,5 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан еді. Ол 1/8 финалда тайбэйлік спортшы Чу Ен Лайды жеңді. Алайда ширек финалда грузиялық Лаша Гурулиге есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалған болатын.

«Бірнеше әйел бір еркекке тигісі келсе неге тоқтатамыз?!»: Мұхтар Мағауин көп әйел алуға байланысты ойын айтты Ақтөбеде мұғалім оқушысына сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған «Осыншалықты екіжүзді болар ма едің»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс әйелі желіде жазба жариялады "Енем маған айтпай, күйеуімді үйлендіріп жіберді": Меруерт Түсіпбаева тұрмыста болған жылдарын есіне алды «Бәрі міндетті түрде беруі керек»: Талдықорғанда оқушылар «Мұғалімдер күніне» жаппай ақша жинағаны үшін шу шықты «Ит пен мысық болып жүретіндер – әртістер»: Жеңіс Ысқақова әріптесі Ақбота Керімбековаға қолдау білдірді «Хәл үстінде жатқан адамның атын пайдаланды»: Тамара Асар беймезгіл уақытта мазалайтын оқырмандарына ескерту жасады «Бала-шаға мен ата-ененің жағдайын жасайды»: Мөлдір Әуелбекова ерлер қауымына үндеу жасады «Киімімді шешті»: Жетісу облысында әкім көпбалалы әйелдің үйіне терезеден кіріп, тиіспек болған (ВИДЕО) «Қайраттың да биоматериалы сақталған»: Ләйлә Сұлтанқызы ЭКҰ арқылы балалы болғысы келетінін жасырмады «Баласын құтқарамын деп әкесі мен көршісі түскен»: Алматы облысында кәріз құдығында көз жұмған үш адамның өліміне қатысты жаңа деректер айтылды «Жаназасын үйімнен шығарғым келді»: Индира Елемес марқұм Арман Дүйсеновті есіне алды «Жалғыз ұрпағын көп көрмейміз, естімейміз»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм Батырхан Шүкеновтің анасының арманын айтты «Бас сүйегі миына қарай кіріп кеткен»: Шымкентте қаза тапқан такси жүргізушісінің туыстары әділ тергеуді талап етті «Досхан Жолжақсыновтың үйінде болдым»: Ақбота Керімбекова өзіне қалталы кісілердің қырындағанын айтты Астанада бойжеткен қоғамдық орында іш киімін шешіп, лақтырып жіберген (ВИДЕО) Ертіс орманында бес жылға дейін ағаш кесуге тыйым салынды «Енді ұрттамаймын»: Мақпал Жүнісова оқырмандарына сөз берді «Мемлекеттік тілімізді қорламаңыздар»: Ринат Зайытов вице-министрге ескерту жасады Елімізде ауа температурасы -6 градусқа дейін төмендейді