Атырау облысында кәсіпкерлер Әбиба Әбужақынова мен Эсмигуль Куюловаға Zeekr сыйлады

17.08.2024, 10:30
5106
Атырау облысында  кәсіпкерлер Әбиба Әбужақынова мен Эсмигуль Куюловаға Zeekr сыйлады жеке парақшасынан

Атыраулық кәсіпкерлер татами шеберлеріне көлік мінгізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында жергілікті кәсіпкерлер Париж Олимпиадасында еліміздің намысын қорғаған дзюдошы Әбиба Әбужақынова мен Эсмигуль Куюловаға Zeekr көлігін сыйлады.

Спортшыларға автокөліктерді салтанатты жағдайды облыс әкімі Серік Шәпкенов табыс етті. Ол Әбиба Әбужақыноваға көлігінің нөмірі де қоса берді.

Бұған дейін Әбиба Әбужақыноваға Парламент Мәжілісінің депутаты, кәсіпкер Айдарбек Қожаназаров Kia Ceed маркалы көлігін сыйлаған болатын.

 

Еске салсақ, Әбужақынова Париж Олимпиадасында 48 келіде өнер көрсетті. Ол қола жүлде үшін тартыста швециялық балуанға есе жіберіп, бесінші орын алды. Ал Эсмигуль Куюлова алғашқы айналымнан әрі аса алмай қалды.

Екі спортшы да Өзбекстан Республикасында дүниеге келген. Кейіннен тарихи отанына қоныс аударған. Қазір екеуі де елішілік жарыстарда Атырау облысының намысын қорғап жүр. 

Әлеуметтік желіде жазылғандай, бұл «крутой» нөмірдің бағасы  – 840 мың теңге екен.

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа автокөліктің кілті табыс етілді.

Астанада құқық қорғау қызметкерін атып кетті Айдос Сарым Ресей пропагандисі Соловьёвке жауап берді Техникалық белгі дабыл қақты: Қызылордаға бағыт алған ұшақ Алматыға қайта қонды Жангелдиндегі қасірет: Қаза тапқан отбасының туыстары жаңа деректерді жариялады Шымкентте өрт шыққан пәтерден ер адамның мәйіті табылды Допинг дауына қарамастан Жәнібек Әлімханұлы IBF көшбасшысы болып қалды Жангелдин ауылында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдіктілер қайда екені белгілі болды Астанадағы балабақшада балаларға психологиялық қысым көрсетілді деген шағым түсті Талғарда 20 жастағы қыз ауруханаға жүгінгеннен кейін көз жұмды (ВИДЕО) «Енді әйел алмаймын деді»: Омар Жәлелдің екінші әйелі күйеуі туралы шындықты айтты Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді Қырғызстан депутаты Соловьёвтің елге кіруін шектеуді ұсынды Академик Асқар Жұмаділдаев күрделі есептерді шешуде ҚазҰУ суперкомпьютерін пайдаланбақ Ақ үй Трамптың жұмысшыға ортаңғы саусағын көрсетуін «орынды» деп атады (ВИДЕО) Әр бесінші дәрігердің жасы зейнетке жақын: Депутат жас мамандарды жұмысқа тарту ісін сынға алды Депутат: Марапат пен атақ – базарда сатылатын сувенирге айналды Израилде табылған қазақтың байырғы бабасының жәдігері әлемді таңғалтуда Дастан Сәтпаев «Челсидің» болашақ құрамына енді «Дайындалып келу керек»: Қошанов шенеуніктің жауабына разы болмады Жамбыл тұрғыны үйленгенін 30 жылдан кейін білді