«Әртістеріміздің реніші түсінікті»: Аида Балаева домбыраны ұшақта тасымалдауға қатысты пікір білдірді

17.08.2024, 13:36
1102
«Әртістеріміздің реніші түсінікті»: Аида Балаева домбыраны ұшақта тасымалдауға қатысты пікір білдірді collage smartnews.kz

Ұшақта музыкалық аспаптарды тасымалдау ісіне қатысты мәлімдеме жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ұшақта музыкалық аспапта алып жүруге қатысты пікір білдірді, деп министр Facebook-тегі ресми парақшасында мәлімдеді. 

Аида Балаеваның айтуынша, әлеуметтік желілерде бірқатар музыканттар әуе рейсіне жүк ретінде ұлттық музыкалық аспап – домбыраның қабылданбағанына реніш білдіріп жатады.

"Әрине, домбыра әр шаңырақтың төрінде тұратын киелі аспабымыз, ұлтымыздың қастерлі мұрасы. Сол себепті, әртістеріміздің реніші түсінікті.

Осыған орай, біз жағдайды жан-жақты қарастырдық. ҚР Көлік министрлігінің мамандары анықтағандай, жүк бөліміне көлемі ауқымды емес затты қабылдаудан бас тарту – әуе тасымалдаушысы шығарған ереже емес, тасымалданатын жүктің өлшемдері белгіленген халықаралық стандартты қағида. Әуе кемелерінің барлығының бірдей жүк бөлімінде ауқымды затты салуға мүмкіндік бола бермейді", - деп пікір білдірді министр. 

Сондықтан жолаушылар әуе компаниясын тасымалданатын жүк туралы алдын ала хабардар ету керек. Тек содан кейін ғана тасымалдаушыға жауапкершілікті артпай, жүк тасымалдау ережелерін нақтылауға тиіс, дейді Аида Балаева.

"Өкінішке қарай, азаматтар авиакомпаниялар ұсынған шарттармен және ережелермен үнемі таныса бермейді, сондықтан осындай жағымсыз жағдайлар туындайды.

Әріптестер, сіздерді өзара сыйластық сақтап, осындай жағдайларды болдырмауға тырысуды, тиісті ережені сақтауға шақырамын. Бұл шаралар жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау үшін қабылданған", - деп қорытындылады сөзін мәдениет және ақпарат министрі.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады