Денесі әжетханадан табылған Сарыағаштағы 3 жасар Асылымды көршінің 17 жастағы қызы өлтірген болып шықты

Аиса Махамбет Редактор
17.08.2024, 17:16
1392
Денесі әжетханадан табылған Сарыағаштағы 3 жасар Асылымды көршінің 17 жастағы қызы өлтірген болып шықты бейнежазбадан алынған кадр

Оқиға Түркістан облысында болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, күдікті тағы 5 жасар қызды әжетханаға тастағалы тұрған жерде көршісі көріп, Нұрайды өлімнен аман алып қалған.

3  жасар Асылым жоғалып кеткен кезде бүкіл Сарыағаш ауданы, Сіргелі халқы 3 күн бойы оны су маңы мен қырды аралап іздеген еді. Полиция, құтқарушылар, еріктілер күш салды. Ақыр соңы араға үш күн салып, Асылым көршінің әжетханасынан табылған еді.  Сараптама қорытындысы бойынша  бүлдіршінді ешкім азаптап өлтірген жоқ деген қорытынды жасалды. Азалы жұрт жылап-сықтап,  баланың  ата-анасы қара жамылып Асылымның денесі жер қойнына тапсырылды.

Бұл туралы Kyn.kz тілшісіне Сіргелі ауылының тұрғыны хабарлады.

Араға 1 ай салып дәл осы жағдай сол Сіргелі ауылында қайталана жаздады. 5 жасар Нұрай есімді қызды көршінің 17 жастағы қызы азаптап, әжетхана тесігіне сыйдыра алмай тұрған жерден ауыл тұрғыны көріп қалған. Баланы құтқарып, одан не болғанын сұрағанда бәрін жайып салған.

"Қазір сені өлтіремін деп арқамнан ұрып, тамағымнан буындырды" деген балақай.

2 ай тергелген бойжеткен ақыр соңында Асылымды да өзі өлтіргенін мойындап, оқиғаны айтып берген.

Бүкіл ауыл балаларымен ортақ мектепте білім алып жүрген қызды қазір психологиялық ауытқуы бар деген қорытынды жасалуда. бірақ, ауылдықтар оның қатаң жаза арқалауын талап етіп отыр. Сіргелі халқы түгел  полицияға арыз жазып беріпті. Енді оқушы қыз денсаулығында кінәрат бар деген сылтаумен, жазадан сытылпы шығады ма деп алаңдап отыр.

Иран сыртқы істер министрі Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге барды Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды Иранға жасалған соққы Трампқа импичмент жариялауға негіз болмақ Георгий Жуков: «Қазақтар өздері қазақша сөйлесе, мен де үйреніп алар едім» АҚШ Иранмен кездесуге дайын екенін жеткізді Астанада жігіт бұрынғы қызын өлтіріп, оның бауырын пышақтап тастаған (ВИДЕО) Сарапшы: «Иран әлі де ядролық бомба жасай алады» Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты