1060

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов үйленгелі жатқанын айтты

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов пен оның қалыңдығы үйлену тойын қыркүйекке жоспарлаған.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов үйленгелі жатқанын айтты
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Нариман Құрбанов гимнаст Аида Бауыржановамен отау құрмақ. Құрбанов Олимпиададағы жетістігінен кейін өмірін жаңа тарауға арнағысы келетінін отырғанын атап өтті. Бұл туралы Offside.kz дерек берді.

"Қыркүйек – бір-бірімізге көбірек көңіл бөліп, өміріміздің жаңа тарауын бастайтын уақыт", – деді спортшы.

Нариман Аидамен қарым-қатынасы 2018 жылы жаттығу кезінде басталғанын айтты. Содан бері олар бір-бірінен ажырамай, спорт шыңдарын бірге бағындырып жүрген.

"Аида екеуміз 2018 жылы таныстық, содан бері ажырамадық. Менің сүйіктім Аида да гимнаст, біз бірге спорт әлемінде шыңдарды бағындырамыз", – деді гимнаст.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор