Астанада спорт күніне орай ауқымды велошеру өтті

18.08.2024, 13:55
773
Астанада спорт күніне орай ауқымды велошеру өтті Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Астанада 400-ден астам адамның қатысуымен спорт күніне орайластырылған бұқаралық велошеру өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, велоспортпен айналысатын астаналықтар бүгін таңғы сағат 7-ден бастап Қосшы жақтағы айналма жолдың бойына жиналды.

Велошерудің ашылу салтанатында сөз алған Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт бөлімінің басшысы Азамат Ағзамов қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, спорт күнімен құттықтады.

«Спорт – денсаулық кепілі, ерік-жігердің шыңдалуы және ұлттың болашағы үшін маңызды сала. Бүгін біз велошеруге қатысу арқылы спортқа деген сүйіспеншілігімізді, ортақ мүдделерімізді және бірлігімізді көрсетеміз. Әрбір айналған педаль біздің денсаулығымызды нығайтуға және болашақ ұрпаққа үлгі көрсетуге қосқан үлесіміз. Баршаңызға денсаулық, күш-қуат тілеймін және спорттағы жаңа жеңістермен құттықтай отырып, алдағы уақытта да спортқа деген ынта-жігерлеріңіз арта түссін деп тілеймін! Велошеру сәтті өтіп, спорттық рухтарыңыз жоғары болсын!» - деді Азамат Ағзамов.

Бұл жолы велошеруге қатысуға 406 адам ниет білдірген. Олардың ең егдесі – 68 жаста, ал кішісі – небәрі 6-дағы балақай. Барлығы бірге айналма жолдан бастап Үркердегі «Жасыл белдеу» тұрғын алабының саябағына дейінгі 25 шақырым жерді жүріп өтті.

Іс-шара аяқталғаннан кейін велосипедшілер арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылды.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды