«Мен 12 жаста едім»: футболшы Нұралы Әліп ата-анасынан айырылған кезін еске алды (ВИДЕО)

18.08.2024, 15:15
1523
«Мен 12 жаста едім»: футболшы Нұралы Әліп ата-анасынан айырылған кезін еске алды (ВИДЕО) Вячеслав Евдокимов / «Зенит»

Түнде әкем өмірден өтті, артынан анамнан айырылдым дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Футболдан Қазақстан құрамасының және ресейлік "Зенит" командасының қорғаушысы Нұралы Әліп балалық шағындағы қайғылы жағдай туралы айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Нұралы Әліптің әкесі 10 жасында ауыр сырқаттан қайтыс болған, ал екі жылдан кейін анасы жүрек талмасынан көз жұмды. Ата-анасынан айырылған соң, Нұралыны ағасы мен жеңгесі өз қамқорлығына алған.

"Зенит" футбол клубының Youtube желісіндегі подкастында Нұралы Әліп әкесінің өзіне айтқан соңғы сөзін еске алды. 

"Бірде турнирден келіп, анамнан: "Әкем қалай?" деп сұрадым. Ол ауруханада екенін айтты. Бір апта бойы ауруханада жатты, бірақ мен оған бармадым, себебі әкемді әлсіз күйде көргім келмеді. Ол маған әрқашан: "Ер жігіт бол, ештеңеден қорықпа", - дейтін.

Әкем Алматыға ота жасауға барар алдында мені шақырды. Біз бірге төменге түстік, сол кезде әкем қолымды ұстап: "Бәрі жақсы болады, ер жігіт бол. Ешқашан ештеңеден қорықпа", - деді. Бұл әкемнің маған айтқан соңғы сөзі еді.

Өкінішке қарай, түнде әкемнен айырылдық. Таңертең қонақтар келе бастады, мен ол кезде әкемнің қайтыс болғанын түсінбедім. Келесі 2012 жылы анам да дүниеден өтті. Сол кезде мен 12 жаста едім. Таңғы сағат 5-те жаттығуға кетіп қалдым, өйткені жылап отырған адамдарды көруге жүрегім шыдамады", - деп еске алды Нұралы Әліп.

15 жасында Нұралы Әліп туған жері Ақтаудан кетіп, "Қайрат" академиясына оқуға түседі. 17 жасында ол "Қайраттың" негізгі командасында дебютін жасайды, ал 18 жасында футболдан Қазақстан құрамасында алғашқы ойынын өткізді.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Нұралы Әліп "Зенит" клубына 2022 жылдың басында ауысып келді. Клуб сапында ол 61 ойынға қатысты.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады