999

Сауд Арабиясы Суперкубогында Роналду марапаттау рәсімінен кетіп қалды

Роналду алаңнан кетіп қалды.

Сауд Арабиясы Суперкубогында Роналду марапаттау рәсімінен кетіп қалды
Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Португалия құрама командасының әрі «Әл-Наср» командасының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы Суперкубогы үшін болған матчтан кейінгі марапаттау рәсіміне қатысудан бас тартып, алаңнан кетіп қалды.

Роналду ойнайтын «Әл-Наср» командасы аталған ақтық матчта «Аль-Хилалдан» жеңіліп қалды.

 

Кездесу 4:1 есебімен аяқталды. Бірінші голды Роналдудың өзі соққанымен команданың ойыны одан әрі жүре қоймады.

Күміске көңілі тлмаған 39 жастағы Криштиану медальды мойнына таққысы келмей матчтан кейін бірден алаңнан кетіп қалды. Ал команданың қалған ойыншылары алаңда қалды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор