Жол апатынан қаза тапқан полиция қызметкерлері «Айбын» орденіне ұсынылды

18.08.2024, 18:18
994
Жол апатынан қаза тапқан полиция қызметкерлері «Айбын» орденіне ұсынылды polisia.kz

Марқұм полицейлер ақтық сапарға аттанды...

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысында жантүршігерлік апаттан қаза тапқан полицейлер қайтыс болғаннан кейін "Айбын" орденіне ұсынылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. 

Жамбылдықтар Меркі-Шу-Бурылбайтал республикалық маңызы бар тасжолында қызмет атқару барысында жол апаты салдарынан қаза болған полиция қызметкерлері Ғалым Арыстанбаев пен Абылайхан Әбішкенді ақтық сапарға шығарып салды.

Жаназаға марқұмдардың отбасысы, ағайын-туыстарымен қатар Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин, Ішкі істер министрлігі өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов, Ішкі істер министрлігі кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, облыстық ПД бастығының орынбасарлары, бірге қызметте болған әріптестері, достары қатысты.

Сондай-ақ қоштасу жиынында Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қазаға байланысты көңіл хаттары оқылып, қайғыға ортақ екендігі және марқұмдардың отбасына мемлекет тарапынан әрдайым қолдау жасалатыны жеткізілді". 

"Әріптестеріміздің қызмет барысында, кенеттен қаза болуына байланысты суық хабар баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Жас болса да өңірдегі қауіпсіздікті сақтау, қоғамдық тәртіпті қадағалауда өлшеусіз өз үлестерін қоса білген азаматтардың әлі де халыққа берер пайдасы мол еді. Олар мінсіз қызметтерімен қатар, отбасында үлгілі әке, жақсы жар, жақындарына қамқор, айналысына жанашыр болды. Артында қалған отбасы, балалары мен жұбайына әрқашан қолдау жасап, қамқор боламыз деп сенім білдіремін. Батырлардың жарқын бейнесі мен абыройлы есімі әрдайым жадымызда сақталады", - деп Арманбек Баймурзин қаза болған әріптестерінің жақындарын сабырға шақырып, көңіл білдірді. 

Марқұмдардың жаназасы өз туған жерлерінде - Ғалым Арыстанбаев Меркі ауданында, Абылайхан Әбішкен Талас ауданында өткізілді. Қаза болған полиция қызметкерлері “Айбын” орденіне ұсынылатын болады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды