«Бапкерімнің үйдегі көшірмесі сияқты»: Демеу Жадыраев жұбайы туралы айтты

19.08.2024, 10:31
1403
«Бапкерімнің үйдегі көшірмесі сияқты»: Демеу Жадыраев жұбайы туралы айтты бейнежазбадан алынған кадр

Әйеліне қалай ғашық болғанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев жұбайы туралы айтты. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасына айтып берді. 

"Жауапкершілігі өте жоғары қыз болды. Сүйкімді болды. Сол себептен өзіне ғашық қылды. Осылайша шаңырақ көтердік, қазіргі уақытта бірге тұрып жатырмыз. Қиын сәтте қолдау білдіреді, мықты мотивация береді. Тура ағайыммен (бапкеріммен) салыстырамын. Кейде ағайымның кейбір сөздерін айтып қалады. Бұл нәрсені өзіне де айтамын. Кейбіреуін айтамын, кейбіреуін айтпаймын. Жұбайым өз-өзіме деген сенімділігімді арттырды десем де болады.

Қандай жылы сөздер бар болса, соның бәрін айтамыз. Қолдан келгенше еркелетуге тырысамыз. Осының алдында дұрыс көңіл бөле алмай жүрдік. Енді қазір дұрыстап көңіл бөлеміз. Ол да түсінеді, біледі. Оқу-жаттығу жиынына кеткенде, мазаламайды. Айлап үйде болмаймын, соған көнеді. Керісінше жұбайым: "Ештеңе ойлама, алаңдама, жаттығуыңды жаса", - деп сенім білдіреді. Ағайымның үйдегі көшірмесі сияқты", - деді Демеу Жадыраев.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен 77 кг салмақ дәрежесінде қазақстандық балуан Демеу Жадыраев күміс медаль еншіледі. Ол ақтық сында жапон спортшысы Нао Кусакаға есе жіберген болатын. 

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды