Күрес түрлерінің арасында радикализм, салафизм мен уахаббизмді ұстанатын топтар бар – теолог

Аиса Махамбет Редактор
19.08.2024, 11:10
1551
Күрес түрлерінің арасында радикализм, салафизм мен уахаббизмді ұстанатын топтар бар – теолог islamnews

Жеңілісті Құдайдан көретін спортшыларға ескерту жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық жекпе-жек спорт түрлерінде діни радикализм белең алған. Бұл туралы теолог Кеңшілік Тышқанұлы Kazinform берген сұхбатында айтқан.

Балуандар арасында исламның дәстүрлі емес ағымдарын ұстанатындардың көптігі бұған дейін де ел арасында айтылатын. Теолог болса әсіредіншіліктің бұл салада барын растады.

«Қазақстан спортында, соның ішінде күрес түрлерінің арасында әсіре діншілдік, радикализм, салафизм мен уахаббизмді ұстанатын топтар жоқ деп айта алмаймыз. Жекелеген спорт клубтарында, көптеген жаттықтырушыларда дін тенденциясы бар. Тіпті, кейбірі теріс ағымның өкілдері екені рас. Осы тұста проблема шығады. Әйткенмен, радикалды топтардың да өзіндік діни-теологиялық негіздері барын ұмытпаған абзал. Мысалы, «күшті мұсылман әлсіз мұсылманнан қарағанда қайырлы, жақсы» немесе «күресу – Пайғамбардың сүннеті» деп айтып жатады. Садақ атуды, суда жүзуді де сол қатарда дәріптейді. Кезінде осыған байланысты айтылған уағыздар ақырындап өнер мен спорт саласына кірді.

Соның әсерінен кейбір спортшыларымыз әсіре діншілдікті насихаттай бастады. Оны сыртқы формасы да көрсетіп тұрады. Сондықтан жеңіліс тапқанда «Алланың қалауы болды» деп жатады. Әрине, мұсылман адам ретінде бұл сөз орынды. Алайда, жалпы алғанда бұл дүниеде еңбек еткен адам ғана табысқа қол жеткізеді. Мейлі мұсылман болсын немесе болмасын – бұл дүниенің заңдылығында «егін еккен, суарған, баптаған адам ғана өнімін алады» деген қағида бар. «Құдайдың қалауы болды» деп жұбануға болатын шығар, бірақ өзінің жалқаулығы мен әрекетсіздігін Құдайға жабуға болмайды. Бірінші әрекет еткені жөн, – дейді маман.

Осы ретте айта кету керек, биылғы Париж Олимпиадасында жеңілген кейбір боксшылар мен балуандар жекпе-жектен кейінгі сұхбатында «Аллаһтың қалауымен жеңілдім» деп жауап берген болатын.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды