Сыныптастары жезөкшелікке тартқан қыздың үйін полиция күні бойы күзетіп тұр

19.08.2024, 13:53
996
Сыныптастары жезөкшелікке тартқан қыздың үйін полиция күні бойы күзетіп тұр pixabay.com

Жәбірленуші тұратын аумақ тәулік бойы күзетілетіні айтылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда қаласында сыныптастарының мәжбүрлеуімен жезөкшелікпен айналысып жапа шеккен қыз баланың мекенжайы күзетпен қамтамасыз етілді. Бұл жөнінде агенттік тілшісіне Бала құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық уәкіл Жақсыгүл Тоғанова Kazinform айтып берді.

«Баланың қауіпсіздігін сақтау мақсатында полиция департаменті арқылы тәулік бойы үйінің аумағына күзет қызметі қойылды. Әрине, барлық іс-әрекеттер мен көмек анасының келісіміне және баланың қалауына сәйкес жасалады. Алдағы кезеңде де мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан барлық көмек уақтылы жасалады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi жария етiлмейді», - деді Ж. Тоғанова.

Жасөспірім толыққанды медициналық тексеруден өтіп, психолог тарапынан көмек алып жатыр. 

«Оқиғадан кейін жасөспірімнің анасымен сөйлесіп, баламен кездестім. Оперативті түрде балаға медициналық және психологиялық көмек көрсету жұмыстарын жүргізуге жәрдем жасалды. Арнайы кездесу уақыттары белгіленді. Алайда, анасы тарапынан айтылған себептерге орай кездесу жиілігі сақталмады. Кейінгі уақытта бала психолог мамандардың үш рет қабылдауында болды. Мұнан кейін Денсаулық сақтау басқармасы орынбасарының көмегімен бала толыққанды медициналық тексерулерден өткізілді. Дәрігерлердің кеңесімен баланы ауруханаға жатқызу ұсынылғанымен, анасы келісім бермеу туралы қолхатын берді. Бұл ретте анасы сұраған қолайлы уақытта учаскелік дәрігерлерді үйге шақыру көмектері де ұйымдастырылды. Бала толыққанды дәрігерлердің бақылауына алынды», - деді Жақсыгүл Тоғанова. 

Анасы уақтылы алған көмектің нәтижесінде баланың жағдайында оң өзгерістер барын мәлім еткен. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды